DataLife Engine / Қайрат Нұртастың анасына арнаған бейнебаяны жұрттың жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртастың анасына арнаған бейнебаяны жұрттың жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртастың "Ауыртпа Алла анамды" әніне түсірілген бейнебаяны жұрттың көңілінен шықты. Әншінің бұл клипіне барлық отбасы мүшелері де түскен деп жазады NUR.KZ.

Бейнебаян желісі бойынша Гүлзира Айдарбекованың анасы сырқаттанып қалады. Жағдайды естіген Қайраттың анасы өз үйіне барып, жақындарының қасында болады. Артынша 90-жасқа келген Айдарбековтің әжесі орнынан тұрып, денсаулығы жақсара бастайды.

Жалпы клипте Қайрат Нұртастың әжесі, әке-шешесі мен бауырлары, сондай-ақ, өз жұбайы мен балалары бой көрсеткен.

Эстрада жұлдызының кезекті туындысын тамашалаған желі қолданушылары Қайраттың отбасына бақыт пен аманшылық тілеген.

"Тыңдаған сайын жылап аламын, аналарымыз аман болсын!", "Жанұяңызға бақыт тілеймін, көз тимесін", "Әніңіз керемет, жүрекке жетті",- деп жазды олар


26.10.2018
Вернуться назад