DataLife Engine / Ұлы жеңіс

Ұлы жеңіс

Семей қаласы
№39 жалпы орта білім беретін мектебінің
3 «В» сынып оқушысы Хабибулина Эльнара
Жетекшісі: Какимова Гаухар Дубековна
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Ұлы жеңіс Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңісті біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігі дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыроймыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалары.

Жауға қарсы шайқастар барлық елді мекенде болған. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына алып, аналық мейірімімен тәрбиеледі. Көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабев соғыс туралы көптегн өлең жырларын жазды. Ұлы Жеңіс - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпенділігі белгілі болып қалмақ.

Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Соғыс күйретуші күш!

Дәл солай!

Барды жоқ ететін. Тауды жер ететін,тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетін газет журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Ия, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмтылғын жоқ.

Ұлы Отан соғысы....Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шерттерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығын тойламақшымыз. Біз ардагер аталарымыз бен апаларымыздың ерен еңбегін бағалап, Отанымыздың бейбіт өмір сүруіне үлкен үлес қосамыз. Отанымыздың бейбіт өмірі ол болашағымыздың жарқын жұлдызы. Дүне жүзінде бейбіт өмір ғана орын алсын деп тілеймін.
02.10.2018
Вернуться назад