DataLife Engine / Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен ажырасуына қызғаныш себеп болғанын мойындады

Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен ажырасуына қызғаныш себеп болғанын мойындады

"Мария Магделана" әнімен танылған әнші Асхат Тарғынов жеке өмірі жайлы құпиясын айтты.

Әнші бұрынғы әйелімен ажырасуына не себеп болғанын Астана арнасындағы " Ел аузында" бағдарламасында айтып берді.

Асхаттың айтуынша, жары екеуінің ажырасуына келіншегінің қызғанышы себеп болған.

"Ер адам болған соң халықтың алдында жүресің. Танымал болған соң қыздардан, басқалардан хат келеді. Содан қызғаныш, ұрыс-керіс болады. Сосын ажырасып кеттік", - дейді әнші.

Еске сала кетсек, Асхат Тарғынның бұрынғы әйелінің бір қызы бар.
02.10.2016
Вернуться назад