«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың  басты себебі болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына обаның таралуына дейінгі және кейінгі уақытты қамтитын Еуропа халықтың санының өзгеруі бар картаны көрсетеді. Талқылауға арналған сұрақ: Бұл өзгерістер немен байланысты болуы мүмкін?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. «Обаның зардаптары» карточкаларын категориялар бойынша орналастыру.
2. «Англия мен Франциядағы шаруалар көтерілісі» кестесін толтырады;
3. «Қара індеттің» зардаптары шаруалар көтерілісінің басталуына тікелей байланысты болды ма?
4. Сабақтың қорытындысын шығару.

М/Б Мұғалім оқушыларға «Обаның зардаптары» карточкаларын таратып, категориялар бойынша жіктеуге тапсырма береді:
1. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді зардаптар;
2. саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени зардаптар;

Б Карточкалармен жұмыс нәтижелерін сыныппен талқылау. Орындалған тапсырма бойынша мұғалім түсініктеме береді.

Дескрипторлар:
• «Қара індеттің» қысқамерзімді зардаптарын анықтайды;
• «Қара індеттің» ұзақмерзімді зардаптарын анықтайды;
• «Қара індеттің» экономикалық зардаптарын анықтайды;
• «Қара індеттің» саяси зардаптарын анықтайды;
• «Қара індеттің» әлеуметтік-мәдени зардаптарын анықтайды;
• Еуропада орын алған өзгерістер бойынша қорытынды шығарады.

М Мұғалім презентацияны негізге ала отыра, Еуропадағы Жүзжылдық соғыс туралы қысқаша ақпарат береді. Мұғалім түсіндіру барысында картаға сүйеніп, Жүзжылдық соғыстың обаның кең етек жаюмен тұспа-тұс келгеніне назар аударуы керек. Жүзжылдық соғыстың басты екі себебіне тоқталады (Әулет қайшылықтары, жер мәселесі)........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 263



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!