Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 2-сабақ  (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: 610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау.
1. Сәлемдесу
2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б VII-VIII ғғ. Араб халифатының картасын көрсету.

Б Оқушылар назарына ислам дінінің пайда болуы мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі туралы бейне баян ұсынылады.

Бейне баянды көру барысында оқушылар Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі жайында басты оқиғалар мен жылдарды дәптерге жазады.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. Әлем діндерін қарастырып, ислам дінінің ерекшеліктерін анықтау;
2. Ислам тарихындағы маңызды оқиғаларды анықтау;
3. 661 - 1258 жж. арасында болған үш басты өзгерістерді анықтау;
М Мұғалім оқушыларға әлем діндері, соның ішінде ислам діні туралы негізгі ақпаратты береді. Оқушылар ақпаратты дәптерге жазады.
Ж Дәптердегі жазбаларды, арабтардың жаулап алу жорықтарын сипаттайтын картаны пайдалана отырып (Қосымша 1), ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты басты оқиғаларды анықтап, тізім құрастыру.

Т Әрбір топ 750 ж. дейінгі ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты ең басты үш оқиғаны ажыратып, оны сипаттап, жауабын дәлелдейді. Әрбір оқиғаны жеке стикерге жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 058



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі