Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

 Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия
Сабақ тақырыбы:Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау.
Қарсы шығу
Оқушыларға микрафон ұсынып олардың ойларын тыңдаңыз (оң және теріс мағыналы тақырыптарды айтуға мүмкіндік беріңіз) еркін сөзді пайдаланып өз ойларын айтуға мүмкіндік беріңіз.
Оқушылардан сөз еркіндігін пайдалану мүмкіндігінен қандай сезімде болғандарын сұраңыз.
Ойын еркін айту мүмкіндігі қайсы ежелгі мемлекетте болғандығын сұраңыз. Азаматтардың осындай құқықтары болғаны маңызды ма?

Ресурстар тізімінен Ежелгі Грекияның қала-мемлекеттері бейнеленген картаны көрсетіңіз. Әр қала-мемлекеттің басқару формасы әр түрлі екендігін, тілі, мәдениеті, діні бір болса да, бұл қалалар жер үшін, ықпал ету аймағы үшін жиі соғысатын бәсекелестер болғанын түсіндіріңіз. Картадан жекелеген қалалардың орналасқан жерін бөліп көрсетіңіз, олардың сипаттамасы берілген мәтіндердерді оқуын сұраңыз. Афина туралы оқып, афиналық демократия туралы қысқаша деректер беріңіз.
Оқушыларға Мысыр (монархия) мен Афины (демократия) қоғамдарының саяси және әлеуметтік құрылымының сызба-кестесін ұсынып, олардың айырмашылығын табуды сұраңыз (төмендегі критерийлер бойынша):
1.Биліктің қалыптасу әдісі
2.Биліктің басқа билеушіге өту әдісі (сайлау және мұрагерлікпен)
3. Сайлау құқығының болуы және ауқымы
Дескрипторлар:
Оқушы Ежелгі Мысырдағы және Афина мемлекетіндегі биліктің орнауы тәсілдерінде айырмашылығын дұрыс ажырата біледі
Оқушы Ежелгі Мысыр мен Афинадағы сайлау құқықтарында айырмашылықты дұрыс түсінеді
Оқушылардың «демократия» ұғымының мәнін түсінетіндігіне көз жеткізіңіз. Оларға қазіргі Қазақстандағы демократия жайлы ықшамдалған мәтін беріп, афиналық басқару жүйесінің қазіргі Қазақстанның басқару жүйесінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырып, ұқсастықтарды бір түспен, айырмашылығын басқа түспен бояуды сұраңыз.
Оқушылардан демократияның маңыздылығы жайлы қорытынды жасауды сұраңыз.
Дескрипторлар:
Оқушы афиналық басқару жүйесі мен қазіргі заманғы Қазақстандағы басқару жүйелері арасындағы 2 айырмашылықты көрсетеді
Оқушы афиналық басқару жүйесі мен қазіргі заманғы Қазақстандағы басқару жүйелері арасындағы 3 айырмашылықты көрсетеді ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 556



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі