Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

 Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C бөлімі. Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
5.2.2.2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуынын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Говард Картер жасаған ғылыми жаңалықтың Ежелгі Мысыр мәдениеті мен әлеуметтік құрылымын зерделеудегі маңызын анықтау.
Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (1 минут).

Жаңа ғана ашылған мазардың ішіне жанып тұрған майшам ұстап, үңіліп тұрған Говард Картердің фотосуретін көрсету. Оқушылардың фотосуреттен не көріп тұрғаны туралы пікірлерін тыңдау және талқыға салу (2 минут).

Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (2 минут).
Говард Картердің 1922 жылы мысырдағы Патшалар алқабында жер астында жасырын жатқан бірқатар бөлмелердің сенсациялық ашылуын жасаған британ археологы болғанын түсіндіру және оқушыларды Тутанхамон моласымен таныстыру (4 минут).

Жеке тапсырма. Оқушыларға «анимизм», «фетишизм», «магия», «тотемизм» терминдерін пайдалана отырып, «Тутанхамон мазары бізге не туралы айтты?» тақырыбына эссе (50 сөз) жазуға тапсырма беру (12 минут).

Кейбір оқушылардан өздері жазған эсселерін оқып беруін өтіну (15 минут).

Сабақты бекіту. Тутанхамон моласын ашу археология тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі болып табылады. Дегенмен оның билік еткен кезеңі атонизмнен бас тартудан басқа ешқандай ерекшелігімен көзге түскен жоқ (1 минут).......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 668



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі