Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Топтастыру.
Өткен материалды еске түсіру.
Өткен материалды еске түсіру мақсатында тақырыпқа қатысты кілт сөздерді пайдаланып, «Үздіксіз сөйлеу» әдісі бойынша 30сек-1 мин аралығында сөйлемдер құрастыру ұйымдастырылады.
Кілт сөздер:
Тау-кен орындары, темір жол, қаржы операциялары, ауыл шаруашылық өнімдері, шетел және орыс капиталистері, ақша, капитал, т.б
(Т) 1-тапсырма. Суретпен жұмыс
 Суретті 2 минут зерттеңіз;
 Суреттен алған жалпы әсерді сипаттаңыз
 Суреттегі адамдар, нысандар және іс-әрекеттерді анықтап, тарихи фактілер мен стат. мәліметтер негізінде тарихи әңгіме құрастырыңыз;
 Суреттен қорытынды шығарыңыз
Дескриптор:
- Суреттегі нысандарды бір-бірімен байланыстырып, тарихи әңгіме құрастырады;
- Тарихи кезеңнің басты ерекшелігін түсіндіреді;
- Тақырыпқа қатысты нақты білімін кемінде 2 дәйек беру арқылы талдайды
Кері байланыс. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
(М) Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады. Бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушылардың ойларын осы сабақта басты зерттелетін мәселеге шоғырландырылып, болжам жауаптары арқылы зерттелетін мәселе бағытталады.
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталып, бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық
М Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
«Қазақ Еліне енген өзгерістер»
(Т) Капиталистік қатынастардың қазақ халқының өміріне әкелген өзгерістерді анықтау үшін үш топқа үш түрлі мәтін таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнын оқып, топ ішінде талқылайды. Алдыңғы тапсырмалар мен осы тапсырма негізінде капиталистік қатынастардың Қазақ Еліне әкелген жағымды және жағымсыз өзгерістерін анықтап, келтірген дәйектеріне нақты дәлелдер келтіреді. Топтар бір-бірін бағалайды, бір-біріне кері байланыс береді. (Тапсырма шартын түсіндіру үшін мұғалімге 1 минут, тапсырманы игеру үшін әр топқа 7 минут, игерген ақпараттарын жариялау үшін 4 минут беріледі)
1-топ. Капиталистік қатынастардың саяси өмірге ықпалы, оның пайдасы мен зияны
2-топ. Капиталистік қатынастардың экономикадағы өзгерістері, оның пайдасы мен зияны
3-топ. Капиталистік қатынастардың тұрмыс пен әл-ауқатқа әсері, оның пайдасы мен зияны
Дескриптор:
1-топ. Капиталистік қатынастардың Қазақстан өндірісіне әкелген өзгерістерінің кемінде 2 жағымды және 2 жағымсыз әсерлерін талдап, пайымдайды;
2-топ. Капиталистік қатынастардың Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен саудасына әкелген өзгерістерінің кемінде 2 жағымды және 2 жағымсыз әсерлерін талдап, пайымдайды;
3-топ. Капиталистік қатынастардың Қазақстанның қоғамдық-әлеуметтік өміріне әкелген өзгерістердің кемінде 2 жағымды және 2 жағымсыз әсерлерін талдап, пайымдайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 086



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі