Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің алғышарттарын анықтап, барысы мен нәтижесін талдайды.
(Б) Ұйымдастыру сәті.
Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
 Кенесары Қасымұлы кім?
 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы не білесің?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін, бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт: Себеп-салдар
Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды
(Б) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс
«Ұғымдарды сәйкестендір»
Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдардың («дуан», «жасауыл», «манап», «митридат») жазылған карточкалар ілініп, сонан соң оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылап, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Немесе слайд арқылы «сәйкестендіру» кестесімен жұмыстануға болады. Мұғалім тапсырманың дұрыс/бұрыс орындалуын тексеру қажет. Уақыт тығыз болған жағдайда жаңа ұғымдарды мұғалімнің өзі түсіндіріп кетуге мүмкіндігі бар.
Дуан – округ орталығы;
Жасауыл - Қарсылық көрсетушілерді жазалайтын патша өкіметінің әскері;
Манап- Қырғыздардың ақсүйек рубасылары;
Митридат – Қайтпас ерік-жігердің белгісі, ұлттық рухтың мақтанышы
Зерттеу мен талдау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 695



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі