Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. басында Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдау қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси ахуалын түсінеді.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Слайд арқылы Қазақ хандығында қалыптасқан саяси жағдай көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
- Суретті көріп, не туралы ойландыңыз?
- Суретке қарап, әңгіме құрастырыңыз.
- Осы тұста Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай күйде еді?
- Бүгінгі жаңа тақырып қалай аталуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): Себеп және салдар
Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
(Б) Жаңа ұғымдардың мағынасын түсіндіру
Отар - Мықты мемлекетке тәуелді болған мемлекет;
Грамота- Тарихи оқиғаны растайтын мемлекеттік құжат;
Отаршылдық- Артта қалған елдерді жаулап алып, халқын тонау, қанау саясаты;
Елшілік- Бір мемлекеттен екінші мемлекетке жолданатын өкілдер тобы;
Бодан- Қорғаушы, қамқоршы
Аманат- Қымбат, бағалы затты, адамды біреуге уақытша қалдыру
Зерттеу мен талдау
(Т) Мәтінмен жұмыс
Әр топқа таратпа-мәтіндер таратылып, оқушылар Қазақ хандығы мен Кіші жүздегі қалыптасқан саяси жағдай туралы зерттеп, талдайды.
Мәтінді оқу.
«Сыни ойлау мен зерттеу»- пәндік дағды, оқылым- тілдік дағды жүзеге асады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-топ. Қазақ хандығының саяси жағдайы;
2-топ. Қазақ хандығынан Ресейге жіберілген I, II елшіліктер;
3-топ. Кіші жүздегі саяси жағдай.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 665



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі