XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

 XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Барлығы: берілген деректерден қажетті ақпараттарды іріктеп алып, сұрақтарға жауап береді.
Көпшілігі: деректерді салыстыра талдап, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, тақырып бойынша қорытынды жасайды
Кейбірі: дерек көзін қолданып, көшпелілердің түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелейтін философиялық және әдеби шығармаларын бірнеше аспектіде қарастырып, өзіндік пайым жасайды.
Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Миға шабуыл
1) (Б) Диалог. Оқушыларға ақын, жырау, күйші, сәулетшіге қажет құралдардың (домбыра, кітап, кесене) суреттерін көрсету арқылы сабақ тақырыбын болжату. (2 минут)
2) Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру. (3 минут)
1 тапсырма
Б Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі. «Қайран Еділ» Қазтуған жырау.
Критерий:
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Жырда қандай адам есімдері аталды?
Еділді неге тастап бара жатыр деп ойлайсыңдар?
Жырдан нені біле аламыз?
2. Жырдың бүгінгі сабақпен байланысын анықтаңыз.
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс беремін.
2 тапсырма
Т Мәтінмен жұмыс.
Зерттеу сұрақтары:
➢ Күй, аңыз, шежіре дегеніміз не?
➢ Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлар бізге қандай тарихи мәлімет береді?
Оқушылар пазл әдісі бойынша 4 топқа бөлінеді.
Топтарға тақырыпқа сай мәтіндер таратылады, әр топ берілген критерий бойынша деректерді талдау жұмысын жүргізеді.
Топтар өз зерттеу нәтижелерін келесі форматта көрсетулері тиіс:
1. Постер жасау арқылы
2. Шағын презентация
3. Мақала
4. Баяндама
1топ
Критерий:
1. «Жырау» ұғымын түсіндіреді;
2. «Оның қоғамдағы орны қандай?» деген сұраққа жауап дайындайды.
2- топ
Критерий:
1. Жыр жолдарынан қандай ақпараттар алуға болатынын анықтайды.
2. Жырдың тарихи дереккөзі ретінде құндылығын сипаттайды.
3- топ
Критерий:
1. Асан қайғының жырынан XV ғасырдағы адамдардың дүниетаным-түсініктерін анықтайды.
2. «Оларды көбірек қандай мәселелер толғандырған?» деген сұраққа жауап дайындайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 728



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!