X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер 4-сабақ
Сабақтың мақсаты: X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады. Мемлекеттердің ыдырау себептерін өзара салыстырады.
Б Ой қозғау
Мемлекеттердің дамуы қандай факторларға байланысты? Мемлекеттің құлдырауына әсер ететін факторлар қандай? Ерте орта ғасырлардың саяси картасында неліктен мемлекеттер бірін-бірі алмастырды?
Зерттеу мен талдау
Т 1-тапсырма. Оқушыларды топқа бөліп, мемлекеттерді бөліп беріңіз.
1) Қарахан мемлекеті
2) Қыпшақ хандығы
3) Найман, керейіт, жалайырлар
Мемлекеттердің даму ерекшеліктерімен танысып, өзара салыстырыңыз: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
Бағалау
Бағалау критерийі:
Х-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің ерекшеліктерін талдайды.
Дескрипторлар:
Қарахан мемлекетінің екі ерекшелігін атайды;
Қыпшақ хандығының екі ерекшелігін атайды;
Найман, керейіт, жалайырлардың екі ерекшелігін түсіндіреді;
Х-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің үш ұқсастығын түсіндіреді.
Т 2-тапсырма. Мемлекеттердің ыдырау себептерін келесі белгілері бойынша топтастырыңыз, өз пікіріңізді негіздеп түсіндіріңіз:
1. Мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептері;
2. Мемлекеттердің ыдырауының ұзақ және қысқа мерзімді себептері;
3. Мемлекеттердің ыдырауының ішкі, сыртқы саяси себептері, экономикалық, әлеуметтік себептері.
Бағалау
Бағалау критерийі:
Х-ХІІІ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің ыдырау себептерін талдайды.
Дескрипторлар:
- Орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептерін анықтайды.
- Орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің ыдырауының себептерін қысқа және ұзақ мерзімді себептерге топтастырады немесе маңыздылығы бойынша орналастырады.
- Мемлекеттердің ыдырауының ішкі, сыртқы саяси себептері, экономикалық, әлеуметтік себептерін түсіндіреді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 641



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі