Қарахан мемлекеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Қарахан мемлекеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 4-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты өзгерістерді талдайды, исламның мемлекеттік дін ретінде жариялануының себептерін анықтайды.
Б Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөліп, келесі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіңіз:
- Ислам діні Қазақстан аумағына қалай тарала бастады?
- Ислам дінінің кең таралуын қандай фактілер арқылы дәлелдей аламыз?
- Ислам діні қоғамға қандай өзгерістер алып келді деп ойлайсыз?
Сабақтың оқу мақсаттары және бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу
1-тапсырма. Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялау себептерін анықтап, негізгі және қосалқы себептерге топтастырыңыз.
Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялау себептерін анықтайды.
Дескрипторлар:
Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаудың негізгі бір себебін анықтайды;
Ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялауының қосалқы екі себебін талдайды.
2-тапсырма. Ислам дінінің әр салаға ықпалын (әкелген өзгерістерін) талдаңыз. Әр сала бойынша әкелген ең маңызды үш өзгерісін анықтап, пікіріңізді негіздеңіз.
1-топ. Мәдениет, білім, ғылым салаларындағы өзгерістер
2-топ. Қоғамдық құрылысы
3-топ. Саяси жүйе
Әр топқа дайындыққа 10 мин, қорғауға 3 мин.
Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени өзгерістерді талдайды.
Дескрипторлар:
Мәдениет, білім, ғылым салаларындағы үш өзгерісті анықтап, маңызын талдайды;
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысындағы 3 өзгерісті атап, пікіріне дәлел келтіреді;
Саяси жүйедегі үш өзгерісті анықтап, пікіріңізді негіздеңіз.
Талқылау сұрақтары: Сіздің ойыңызша қай салаға әсері көбірек байқалады? Неліктен?
Бекіту:
1) Жер иелену ерекшеліктері туралы ұғымдарды анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
2) Қарахан мемлекетіндегі жер иеленуді Батыс Еуропадағы феодалдық жериеленушілік жүйемен салыстырыңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 670



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі