Қыпшақ хандығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Қыпшақ хандығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қыпшақ хандығы 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Қыпшақтардың этникалық, қоғамдық-саяси даму ерекшеліктерін, қоныстанған аумағын талдау негізінде Еуразия тарихындағы орнын бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі
М Оқушыларға бейнероликті көрсетіп, болжау сұрақтарын қойыңыз:
- «Дешті Қыпшақ» деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Қыпшақтардың осынша жерді иелене алуының себебі неде?
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу сұрақтары:
- Қыпшақтар осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай?
- Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?
Тапсырма 1. 1) Мәтін негізінде қыпшақтардың қоныстанған аумағын кескін картаға түсіру.
2) көрші мемлекеттерді белгілеу.
Бағалау критерийі:
Қыпшақ хандығының саяси картадағы орнын анықтайды
Дескрипторлар:
Қыпшақ хандығының аумағын кескін картада дұрыс көрсетеді;
Көршілес мемлекеттерді белгілейді;
Екі орталығын белгілейді.
Б Талқылау:
Қыпшақ мемлекетінің аумағында ерте орта ғасырларда қандай мемлекеттер өмір сүрді?
Қыпшақ хандығы мен қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын салыстырыңыз.
Оқушыларды 3 топқа бөліңіз.
Тапсырма 2.
1-топ. Қыпшақтардың этникалық құрамы (сызбасын құрастыру)
2-топ. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы (пирамида тектес диаграммаға орналастыру)
3-топ. Қыпшақтардың шаруашылығы (негізгі шаруашылықтарын анықтау)
Бағалау критерийі:
Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы ерекшеліктерін анықтайды.
Дескрипторлар:
Қыпшақтардың этникалық құрамының 2 ерекшелігін анықтайды;
Қыпшақтардың қоғамдық құрылысының 2 ерекшелігін талдайды;
Қыпшақтардың шаруашылығының 2 ерекшелігін талдайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 187



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі