Бесік жасау технологиясы

 Бесік жасау технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Бесік жасау технологиясы
Пәні: Ұлттық өнер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өзіндігінен үйреніп, жұмыс істеуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайуға, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалаййй білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу.
Дамытушылық мақсаты: ұлттық өнер туралы білімдерін жүелеп, шығармашылық қиялын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.
Көрнекілік: Керекті құрал-жабдықтар, плакатар, жасалатын бұйымның технологиялық картасы.
Құрал-жабдықтар: Әр түрлі пышақтар, ара, сүргі, егеулер жиындығы, түрлі желімдер, әрлеу қағаздары.
Пәнаралық байланыс: Сызу, сурет, жаратылыстану, математика, тарих және әдеп.
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық оқыту.
Сабақты оқыту әдісі: сарамандық, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа материалды түсіндіру. Бұйымның жасалу жолдарын үйрету. Қауіпсіздік ережелері жайлы нұсқау беру. Жаңа сабақты пысықтау. Сарамандық бөлім.
Қорытындылау: Бұйымдарды жасау жұмыстарына бөлінетін уақыт-8 сағ.


Кіріспе сөз
Қай халықтың өнеріне, мәдениетіне байыпты көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда соның бірі бесік жасау өнері. Бұл өнер қазақ халқының өмір тіршілігінен айырықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келе жатыр. Сонау ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында неғұрлым кең тараған өнеріміздің түрі-бесік. Бесік-баланы жатқызуға арналған төсек. Бесік көшпелі халықтардың: қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында кең қолданылған.
Бесік-көшелі халыққа өте ыңғайлы және жеңіл болған. Бесіктің балаға пайдасы жылы, құрғақ әрі таза болады. Қазақта «Бесік баласы бес түлейді» деп бекер айтылмаған.
«Бесік жыры» халқымыздың өте ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі. Бесік жыры баланың бойына: біріншіден, баланы уатады, екіншіден, баланы келешекке батырлыққа, ақындыққа, ержүректікке, шеберлікке баулиды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін маңызды.
Ал біз бесік жасау барысында оған қосалқы бөлшектер еңгізіп, ауқымды, әрі кең мағыналы етіп, үлкен шығармашылық мәні бар жоба ұсынбақшымыз. Қарапайым ағаш бөлшегінен жасалатын әдемі бұйымның жасалу жолдарына кірісейік. Бұл жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
1-кезең. Ағаш таңдау. Оны ағаш жонатын станокқа ыңғайлап кесу, сүргілеп, шабу.
2-кезең. Станоұқа дайындаманы орнатып, сызба бойынша бесік өлшемін сақтай отырып жону.
3-кезең. Дайындаманы ағаш верстагына қосып, екі жағын кесіп, көлденеңнен ортасынан бөлу.
4-кезең.. Бесіктің қосалқы бөліктерін желім арқылы құрастыру.
5-кезең. Бесікті оюмен әшекелеу.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудаң болуы мүмкін.
Жұмысқа дейін:
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).
Жұмысқа қажетті құрал-саймандарды түгендеп, мұқият тексер (версактың қысқыш қораптарын, тіреуіш және сыналарын т.б)
Жұмыс орныңды, саймандарынды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешнәрсе тұрмасын.
Жұмыс кезінде
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (кесу, жону, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдалана атқар. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама
Құра-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін
Жасап жатқан бұйымыңды, материалды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Өзіңді ретке келтір.
Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Бесікке қажет бөлшектер
Бұйым Аты Саны Материал Өлшемі
1 Табан 2 Ағаш 460х35х25
2 Тіреу 4 Аңаш 530х40х25
3 Жатын сөресі 1 Ағаш 720х290х12
4 Басқа аяқты төменгі жақтауы 2 Ағаш 310х40х25
5 Жоғарғы жақтауы 1 Ағаш 310х26х25
6 Жақтау тіреулері 2 Ағаш 155х15х10
7 Төменгі қаптаулы тіреу 2 Ағаш 720х25х15
8 Жоғарғы қаптаулы тіреу 2 Ағаш 720х36х15
9 Тұтқа 1 Ағаш 720х26х22
10 Тұтқа тіреуі 2 Ағаш 310х55х25
11 Жапқаш тіреуі 2 Ағаш 10х45


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!