Қазақша тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана - біздің гүліміз) » ZHARAR © 2018 | ана біздің гүліміз тәрбие сағаты, ана біздің гүліміз сабақ жоспары, ана біздің гүліміз ашық сабақ, ана биздин гулимиз тарбие сагаты, ана биздин гулимиз сабак жоспары, 8 наурызға арналған тәрбие сағаты, 8 наурызга арналган тарбие сагаты

Қазақша тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана - біздің гүліміз)

Қазақша тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана - біздің гүліміз) казакша Қазақша тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана - біздің гүліміз) на казахском языке


Сабақтың тақырыбы: Ана-біздің гүліміз.

Сабақтың мақсаты:
Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру.Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбилеу. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: тәрбие сағатының тақырыбы, мақалдар, өлеңдер жазылған плакаттар

Сабақ жүрісі:

-Балалар көктем мезгілі, наурыз айы да келді,наурыз айында тойланатын мерекелер бар,сонын бірі 8-Наурыз күні, яғни мамаларымыз, әжелеріміз, апаларымыздың қыздардың мерекесі. Біз қазір 8-наурыз мерекесіне байланысты өздеріңіздің дайындаған тақпақтарыңызды, өлендеріңізді, билеріңізді осы отырған мамаларыңызға апайларына, әжелерімізге арнаймыз.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Сондықтан құрметті асыл аналар, әжелер,апайлар,қыздар бүгінгі
« Ана –біздің гүліміз» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі
8 наурызбен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық,отбасыңызға аманшылық тілейміз.

Иса: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп
Ән маржанды шашайық.

Ғизат:Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтын негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

Нұрдәулет: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Нұрлыбек: Құтты болсын ардақты аналар
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.

Ақерке: Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.

Ән:«Анаға сәлем»

Нұрлыбек: Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Аружан:Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған

Қайсар: Әлпештеген анамыз
Біз бақытты баламыз
Оқып білім аламыз
Жұлдыз болып жанамыз

Шарқат: Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам

Балалар,біз аналар туралы мақал білеміз бе?Мен сендерге бір жолын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.

Күннің шуағы жылы
Ананың құшағы жылы

Қыз өссе –елдің көркі,
Гүл өссе –жердің көркі.

Гүлнәз: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.


Бекзат: Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

Бексұлтан:Мамам, мамам, ақ мамам.
Мен өзіңнің ақ балаң.
Меркеңмен құттықтап.
Ән арнаймын мен саған.

Қайрат:Гүлдерді мен жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын

Қасымжан:Апатайым Анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің.
Гүлі де сен әр үйдің

Жансая:Мәпелейсің мен анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп, дем алам.
Құшағыңда қысылмай

«Анамның дауысы» ойыны.

Құрметті аналар, қазір сіздер бір-бірлеп, өз балаңызды шақырасыз. Мысалы, ұлым немесе қызым деп, ал атын атамайсыздар. Қай бала анасының дауысын таниды екен?

«Кім жылдам?» ойыны. Шарты: 3 ойыншы өз аналарын 1 мин уақыт ішінде тез әрі дұрыс киіндіруі қажет.

«Кімдікі?» ойыны. Балалардың ана, әже, апаларының заттарын ауыстырып тастаймыз. Қалған ойыншылар өз аналарының заттарын орын-орынына қоюы керек.

Қорытынды:
Бүгінгі біздің аналар мерекесіне өз қолымыздан келген өнерімізді арнадық.Әрқашан аналарды сыйлап, қуантып жүрейік.Өйткені, ана біздің өміріміздің сәні мен мәні!

Анамызды аялайық!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, 8 наурыз тәрбие сағаты, бастауыш сынып тәрбие сағаты 8 наурыз, ашық тәрбие сағаты 8 наурыз бастауыш сынып, тәрбие сағаттары бастауыш класс 8 наурыз, тәрбие сағаттары бастауыш сынып 8 наурыз, 8 наурыз аналар мерекесі ашық тәрбие сағаты, тәрбие сағаты 8 наурыз аналар мерекесі, тәрбие сағаттары 8 наурыз, тәрбие сағат 8 наурыз, открытый урок на казахском языке 8 марта, 8 наурыз тәрбие сағат, Ана гүл, ана өмір шуағы, аналар мерекесі туралы тәрбие сағаты, 8 наурыз аналар мерекесі туралы тәрбие сағаты, сценарий на казахском языке скачать бесплатно, Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Сыйынар ем Ана деген тәңірге), Қазақша сценарий, 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Сыйынар ем Ана деген тәңірге), Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні, 8 наурыз сценарий қазақша, 8 наурыз мерекесіне сценарий қазақша, 8 наурыз аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий, 8 наурыз мерекесі сценарий, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий скачать, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий мектеп балабақша, сценарий праздника 8 марта на казахском языке, 8 наурызга сценарий, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий, 8 наурызға арналған тәрбие сағаты, 8 наурызга арналган сценарий, 8 наурыз арналган тарбие сагаты, ана біздің гүліміз тәрбие сағаты, ана біздің гүліміз сабақ жоспары, ана біздің гүліміз ашық сабақ, ана биздин гулимиз тарбие сагаты, ана биздин гулимиз сабак жоспары, 8 наурызга арналган тарбие сагаты, ана біздің гүліміз тәрбие сағаты, ана біздің гүліміз сабақ жоспары, ана біздің гүліміз ашық сабақ, ана биздин гулимиз тарбие сагаты, ана биздин гулимиз сабак жоспары, 8 наурызға арналған тәрбие сағаты, 8 наурызга арналган тарбие сагаты, Қазақша тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана - біздің гүліміз) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат