Тәрбие сағат: Мен елімнің кішкентай патриотымын

Тәрбие сағат: Мен елімнің кішкентай патриотымын казакша Тәрбие сағат: Мен елімнің кішкентай патриотымын на казахском языке


Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай патриотымын.
Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.
«Отанды сүю – от басынан басталады.»
«Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.»
«Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.» мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі – түсті қарындаш. Слайд

Өтілу барысы
Кіріспе:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт:

Үлкенге де “СІЗ”,
Кішіге де “СІЗ”.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Балалар шаттық шеңберінде көңілдері көтеріңкі болып, сабаққа зейін қояды.
Бір-бірімен таныстыру.

Сұрақ: Балалар, Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Мұғалім түсіндірмесі:

Негізгі бөлім

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.

Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.

Отан адам үшін біреу ғана.

Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.

Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Әнұран орындалады.
Сұрақ:

– Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
– «патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?
Синквейн құрғызу

Қандай? Аса өнегелі, жауапты, тәртіпті

Не істейді? Өз Отанын сүйеді, қорғайды, еңбек етеді

Кім? Азамат, жеке тұлға
Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.
Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.
Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар.

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан…» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
– Міне осы өсиеттерді есте сақтау әркімге де қажет.

Қорытынды

Енді мен сендерге парақ беремін «Менің ауылым» тақырыбында бейнелейікші.
Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал – мәтелге көңіл аударайықшы:
«Отанды сүю – отбасынан басталады.»
«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.»
«Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.»
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз “АЗАМАТТАРЫ” боларсыздар деп үміттенемін.

Тәуелсіз Қазақстан-Ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын.

Қазақ тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Елімізде әрқашан тыныш болсын!

Мәңгілік еліміз жасасын!



Қазіргі таңда үштұғырлы тіл жайлы көптеп айтылып жатқаны бәріңізге мәлім. Міне биыл балаларыңыз да үш тұғырлы тілді қолға алмақшы. Яғни қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілінде білім алмақшы.

Міне біз де өз үлесімізді қоспақшымыз. Мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз.



Енді балалар сабағымызға кері байланыс жасайық.

Бүгін мен білдім:

Мен үйрендім:

Қиындық тудырды:

Қолымнан келді:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Тастан жарып шыққан гүл секілді алдағы күнге сенімділікпен ұмтылатын білімді ұрпақтарымыз көп болсын!

Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Блялова Жұлдыз Қызырқызы
“Көкжиде орта мектебі” мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, мен кішкентай патриотпын тәрбие сағаты, мен елімнің кішкентай патриотымын тәрбие сағаты, мен елимнин кишкентай азаматымын тарбие сагаты, мен елимнин кишкентай азаматымын сабак жоспары, мен елімнің кішкентай патриотымын сабақ жоспары, мен кішкентай патриотпын тәрбие сағаты, мен елімнің кішкентай патриотымын тәрбие сағаты, мен елимнин кишкентай азаматымын тарбие сагаты, мен елимнин кишкентай азаматымын сабак жоспары, мен елімнің кішкентай патриотымын сабақ жоспары, Тәрбие сағат: Мен елімнің кішкентай патриотымын сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат