Әсел Сәлім | Қолдар тіл қатады

  Әсел Сәлім | Қолдар тіл қатады

. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында сәуір айының 24-ші жұлдызында ашылған «Сезіну тәсілі» деп аталатын 2-ші курс операторланының фотокөрмесінен алған әсер негізінде.

«Қолдар тіл қатады»

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Кино және ТВ» факультетінің 2 курс студенті - Моисеева Камиланың «Қолдар тіл қатады» деп аталатын фотосуреттер топтамасынан алған әсерім тамаша. Соншалықты жүрегі сезімтал кіп-кішкентай қыздың туындыларын көріп, ол қозғаған ауқымды тақырыптарды ой елегінен өткізбеу өнерден алыс адамның өзіне қиын болары сөзсіз. Бірақ шығарманы оқуда әркімнің өз деңгейінде сараптайтындығын ескерсек, автордың жеке ойын есту мен үшін қажет дүние болды. Еріксіз Камилаға сұрақтар қойдым. Алған жауабым да тым салмақты болды...

Моисеева Камила: Бірде менен: «неге фотокөрмен қолдар тақырыбына арналған?», деп сұрақ қойды бір жан. Мен ойланбастан «Бұл менің жаныма жақын дене мүшем», деп жауап қаттым. Менің берген жауабымның аясы тар екендігін ішім сезді.

Ал енді бұл сұраққа берер жауабымды толықтырар болсам, менің айтарым көп. «Қолдар» адам өмірінің айнымас бөлшегіне айналған. Олар саздан құмыра жасап, әдемі құмыраны майда бөлшектерге шаға алады. Демек, жақсыны да, жаманды да қолдарымызбен іске асырамыз, тек пиғылға байланысты бәрі.

Зағиптар үшін қолдар - көз, мылқаулар үшін қолдар - тіл. «Көзді адам жанының айнасы» дей тұрып, қолдар да адам туралы көп ақпарат беретіндігін ұмытпаймыз.

Бұл фотокөрмеде қолдар тіл қатады. Олар менің басты кейіпкерлерім. Мен актерларға қоятын талапты қолдарға қойдым. Есесіне олар маған дүнетанымымда, менің санамда сақталған образдар мен қиялымды жеткізуге жәрдем берді. Сондай-ақ, «әркімнің өз бақыты - өз қолында», «болашақты бүгін жасаймыз» деген ұстанымдарды фотосуреттерде сөйлеткім келді. Себебі мен оған кәміл сенемін. Ал сіз?..

Менің ой толғауым

Он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршіліктік қағидалары ұқсас болғанмен, олардың саусақ таңбалары еш уақытта қайталанбайды. Саусақ терісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қайта қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары қаз қалпына өзгеріссіз келеді екен. Сондықтан да, алақан мен саусақ таңбаларын адамның өзіндік кодтық таңбасы деп танып, дүниежүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды.

Ежелгі тасқа қашалып жазылған қолдың таңбалары да, сонау көңе замандардан хабар береді бізге ата-бабаларымыздан. Ертедегі адамдар тек XIX ғасырда ғана бізге мәлім болған сырды сонау ықылым замандарда қайдан білді екен деп ойға кетесін еріксіз.

Алақандағы сызаттар мен айрықша белгілерді зерттейтін ерекше сала хиромантия да осы негізде. Көше кезіп, алақан сипап жүрген сыған халқы да өз напахасын осы саланы тұрмыс тіршілігіне айналдырғандығынан сынайлы.

Адам қолының пішіні оның шығу тегі, жасайтын жұмысы, әлеуметтік жағдайы мен қызығушылығынан хабар беретіндігі тағы бар. Жылы жерде тұрып, жақсы мен пайдалыны жеп, ауыр жұмыс істемеген қолдарды, жер тырмалап, суық судан шықпаған қолдан айыру қиын дүние емес. Ал кішкентай баланың ұзын саусақтарына қарап, «осы бала музыкант болады», «мүсінші болады», «спортсмен болады» деп болашаққа болжам жасауды да күнделікті өмірде жиі кездестіреміз.

Медицинада да ең лас дене мүшелерінің бірі деп осы қолды атайды. Балалар арасындағы аурулардың тең жартысы ауа арқылы жұғатын болса, қалған жартысы осы қол арқылы жұғатындығын атайды дәрігерлер. Есі кіре қоймаған балаларға қарапайым гигиенаны ұстаудың қиын болуының арқасында деп түсіндіреді олар бұның себебін.

Дініміз бен салтымызда қол жууға ерекше мән берген. Тіпті киіз үйдің кіре берісіне құмған мен шылапшынды қойып қою үрдісі де болған. Дәрет алуда да қолды шынтаққа дейін жууға ерекше мән беріледі. Реті мен саны да маңызды. Ал дұға, тілек айтылғанда бет сипап, құран оқығанда алақан жайу, намазға жығылғандағы қолдың қозғалысы тым үлкен әңгіме. Ол туралы пікірлер мен сөзталастар қаншама?..

Әсел Сәлім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!