DataLife Engine / Физика (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Физика (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны

1-ТОҚСАН
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

2-ТОҚСАН
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

3-ТОҚСАН
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

4-ТОҚСАН
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Жарық құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
01.05.2019
Вернуться назад