DataLife Engine / Жаратылыстану (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жаратылыстану (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып Білім алушыларына "Жаратылыстану" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 6-сыныптың "Жаратылыстану" пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
6.1А «Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
6.1В «Адам. Жер. Ғалам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
6.2А «Заттар және материалдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.
6.3А «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
6.3В «Энергия және қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
6.4А «Экология және тұрақты даму»бөлімі бойынша жиынтық бағалау
6.4В «Әлемді өзгертетін жаңалықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
01.05.2019
Вернуться назад