DataLife Engine / Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Шамалар және олардың өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жиын және оның элементін белгілеу. ∈және ∉таңбалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Көбейту және бөлу. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тиімді есептеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Есептерді шешу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
29.09.2018
Вернуться назад