Автомобиль жолдары сапасын қамтамасыз ету


(1 слайд)

(2 слайд)


(3 слайд)

Көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруда жол құрылысы мамандарының үлесі зор. Автомобиль жолдары мен олардың кейбір бөліктері көлік қозғалысындағы апаттардың орын алуына негізгі себеп болуы мүмкін. Жолдың беті мен автомобиль дөңгелегі арасындағы байланыстың жетілдірілген тәсілдерін табуда ғалымдар мен мамандар кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай ізденістердің нәтижесінде автомобильдер мен жолдарды байланыстыру туралы нұсқаулар да шығарылған. Мұндай нұсқаулар негізінде жолдардың сапасын арттыру, нақты есептеулер арқылы жол құрылысында пайдаланылатын шикізаттар құрамын анықтау сияқты мәліметтерді болашақ жол құрылысшысы жақсы білуге тиіс. Осы нұсқаулар ескеріле отырып салынған жолдар көлік қозғалысы кауіпсіздігін арттыруда зор рөлге ие.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, салынған жол бетінің сапасы ІІІ-V санатта болса, онда автоапаттар 40—50%, жоғары санатты жолдарда автомобиль дөңгелегімен жол бетінің арасындағы ұстасудың нашарлығы нәтижесінде апаттар 60—70% кұрап отыр.
Жолдың бет қабаты мен автомобиль дөңгелегінің ұстасуы жолдың сапасына ғана емес, сондай-ақ резинаның сапасы мен ауа райы жағдайына да байла-нысты болып келеді.
Олардың ішінде ең маңыздысы — жолдың бет қабатының сапасы жақсы болуы, мұның өзі ұстасу коэффициентінің өзгеруіне әсер етеді.
Жолдың бет қабаты:
Құрғақ немесе ылғал беті: — 150—200;
Лас немесе шаң-тозаң беті: — 200—500;
Суға шайылған беті: — 200—1000;
Тегіс немесе ылғал әрі кедір-бұдыр: — 250—3500.
Дөңгелек резинасының жол бетімен ұстасу сапасы ең алдымен материалдың түріне және оның кедір-бұдырлығына және жолдың геометриялық көрсеткішіне байланысты. Алайда жолдың кедір-бүдырлығы жол қозғалысының дыбысы мен автомобильдің тербелу дәрежесін арттырады. Осы себепті жолдың кедір-бұдырлығын есептегенде, оның жетік дәрежесінде болуын қамтамасыз ету қажет.

Сарина Айдана Әбдірахманқызы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!