DataLife Engine / Көрікті көктем аруы сайысы - 8 yаурыз - Халықаралық әйелдер күні

Көрікті көктем аруы сайысы - 8 yаурыз - Халықаралық әйелдер күні

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы».
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Деп жырлағандай бүгінгі ортаңғы топ бүлдіршіндерінің « Көрікті көктем аруы» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.
Ер балалар қыздарды ортаға алып секіреді. Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
3. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарына берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. Аналар кәзір сіздерге түрлі - түсті қағаздар беріледі, өз қиялдарыңыздан шеберлік таныту.
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.
Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.

1. Дария Төлемісқызы.
Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Дария
Мақтануға лайық.
Руым адай ішінде тәзікесі
Шайдолла ата боламын немересі
Әкем аты Төлеміс
Анам аты Бибігүл
Қыз сынына келіп тұрмын
Дария атты мен бір гүл.
2. Светлана Қуангалиқызы
Атым Светлана сұрасаңыз.
Беріш екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қуангали асқар тауы
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым Аққойсын Сагындыққызы
Жүзінен төгілетін күннің нұры
Атыңызға кір келтірмей өтсем сіздің
Мойныңнан сүйер ме екен перзентшігің.
3. Аяулым Нұрлыбекқызы.
Қатысам мен бақшадан жарыстарға
Өзімді көпшілікке таныстырам.
Атым - Аяулым, қызымын Нұрлыбектің
Руым кұлкеш, бөлімі бар Байгөл деген
Құттықтап аналарды мерекемен
Билейміз дөңгеленіп, айтып өлең.
Шыңдаймыз өнер менен білімді біз
Иіліп өздеріңе сәлем берем.
4. Аружан Жолдасқызы.
Сәлем беріп алдыңызға бас ием.
Қош келдіңіздер барша жандар сайысқа,
Таныстырам өзімді.
Мен сүйкімді Жолдасқызы Аружан.
12 ата байұлы
Руым беріш Жайық мен болам
Өнерімді көрсетемін аянбай.
Әділ қазы әділ шешсін аянбай.
6. Інжу Серікқызы.
Асылболат немересі, атым Інжу,
Мен болдым шаңырақта тойдың басы.
Майқұйрық бала дейді әжем.
Бауырларым өсіп келеді қолтықтасып.
Жарқыраған тау тасындай баламын.
Шаңырағымның үлкені мен боламын.
Мейрім төккен балаға
Білімін құйып санаға
Ардақ, Айнұр апайлар
Мың алғыс айтсам бола ма
Өнерімді көріңдер
Дәл бағасын беріңдер
Қарақат көз бүлдіршін
Топ жарады сеніңдер
Жарқыраған балақайды
Шапалақпен демеңдер.
7. Ерланқызы Сабина
Таныстырсам өзімді
Атым менің Сабина
Кішкентаймын мен әлі
Жұрттың бәрі тани ма
Ерлан атты әкем бар
Еркелетер күлімдеп
Лена деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.
Жүргізуші: Ендігі кезекте « Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымызға кезек берейік.
1 - бала: Шыңғысхан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті ата - аналар!
2 - бала Алимансур
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз.
3 - бала Болат
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
4 – бала Дамир. Б.
Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Қөмектескен інім қымбат
Білім берген ұстаз қымбат.
2 – бөлім: Өнер көрсету.
Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздың
Биін тамашалайық.
Би: «Матрос»(Шыңғысхан, Айбек, Аят, Нұрислан, Болат).
3 – бөлім. «Қол өнер»
Жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.
5 – бала: Рахман
Анам мені Айым – дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені «Күнім» - дейді
Мен қуансам күлімдейді.
6 – бала: Алижан
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.
7 – бала: Жантөре
Ана өмір мәңгілік
Жүзі нұрлы таң күліп.
Ана өмір әркімнің
Көкірегінде жанды үміт.
8 – бала: Мансур
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.
Қыздарымыздың өз қиялдарымен жасаған жұмыстарын тамашалау. Келесі ер балаларымызға кезек берейік.
9 – бала: Жан
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
10 – бала: Нұрислан.
Ана десем шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
11 – бала: Дамир. Ж.
Өзіңсің өмірдегі бар ардағым
Жыр жаздым, тұңғыш саған, ән арнадым.
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді.
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.
12 – бала: Айбек.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам
4 – бөлім: «Сән үлгісі»

Жүргізуші: Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.
13 – бала: Ақмырза
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
14 – бала Аят.
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
15 – бала:
Бізді өсірген апатай
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.
Ән: Ер балалардың орындауында.

Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Вальс» 1. Света - Дамир. Ж.
2. Дария – Жантөре
3. Эльза – Рахман
4. Аружан – Мирас
5. Бибіфатима – Мансур
6. Аяулым – Жан
7. Айерке - Ақмырза
8. Жанерке – Дамир. Б
9. Сабина – Алимансур
10. Інжу – Алижан.

Ән: Хор
Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.

20.02.2015
Вернуться назад