Сценарий (ертеңгілік): 6 шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні (Балабақша | Астанам - мақтанышым!)

Сценарий (ертеңгілік): 6 шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні (Балабақша | Астанам - мақтанышым!)

(Балабақшада ересектер тобы үшін мерекелік ертеңгілік)

Тақырыбы: Астанам - мақтанышым!
Мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.
Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Алдын ала атқарылатын жұмыстар: Астананың сұлу келбеті топтастырылған слайд дайындау, Астана күніне арналған көпшіліктің жүрекжарды лебіздері, құттықтаулары түсірілген бейнежазба әзірлеу, балалардың өз шығармашылықтарынан дайындаған суреттері көрмесін ұйымдастыру.

Барысы:
Экранда «Жаңалықтар қызметінің заставкасы» көрініп, әуені ойналады. Ортаға тәрбиеші тележүргізуші болып шығады:
Тележүргізуші
тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер! Эфирде «Апта КZ»
жаңалықтар топтамасы. Сіздермен бірге мен – Индира Қосымова
Бүгінгі шығарылымда көретіндеріңіз:
Астана - балалар көзімен!»
Мереке аясында балабақша бүлдіршіндерінің арасында өткен сурет көрмесінің нәтижесін анықтау.
-«Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің - Астана
Астана қаласының сұлу келбеті әлемді таң қалдырды.
Астана - татулық пен бірліктің ордасы»
Сүйікті бас қала – Астананың туған күніне арналған республика жұртшылығының жүрекжарды лебіздері
- Осы және тағы басқа да жаңалықтар легімен таныс боласыздар, арнаны ауыстырмаңыздар!......
Тележүргізуші
тәрбиеші: Бас қаламыз - Астана қаласының 16 жылдық мерейтойына орай республика бойынша барлық балабақшалар арасында «Астана - балалар көзімен!» атты балалар қолымен салынған суреттердің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Сурет көрмесі кеше Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына ұсынылды. Көрмені тамашалаушылар бас жүлдеге
лайықты деп таныған балабақшасы мен өз пікірлерін «www. Astana - 16» сайтына жолдап, дауыс берулері керек. Қазір біз сіздермен 5 - тен кері бағытта санау арқылы дауыс беруді тоқтатамыз. Қане, бастайық:
5,- 4,- 3,- 2,- 1! Дауыстар санын есептеу - тоқтатылды.
Қай балабақша суырылып алға шықты екен, назар аударайық:
(Экранда аты жазылмай нөмірленген балабақшалардың диаграммасы көрінеді)
Тележүргізуші
тәрбиеші: Нәтиже әділ болуы үшін балабақшалардың аты аталмай, тек рет сандарымен ғана белгіленген болатын. Ал мына диаграмма бойынша қасиетті 7 санымен белгіленген балабақша айқын басымдықпен жеңіп отыр екен. Енді бұл нөмірге қай балабақша жасырылғанын білейік, сәл сабыр сақтаңыздар.....
(Экранда: «....................» балабақшасы, Қызылорда қаласы!» - деген жазу шығады)
Тележүргізуші
тәрбиеші: Міне, нәтиже де белгілі болды! Қызылорда қаласындағы
«.....................» балабақшасының бүлдіршіндері мен ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
(Тележүргізуші құлағындағы микрофонды тыңдағандай болады да:)
Тележүргізуші
тәрбиеші: Жаңа ғана маған хабар келді, біздің Қызылордалық кішкентай жеңімпаздармен жүздесуге мүмкіндігіміз бар екен. Олар қазір біздің студиямызға келеді, қошеметтеп қарсы алайық!
(Көңілді музыкамен қуанышты кейіпте, бір тобы қолдарына өздері салған суреттерін ұстаған, бір тобы гимнастшыларша киініп ленталар ұстаған, әр түрлі мерекелік костюмдерін киген балалар студияға қонаққа келгендей болып жарты шеңберге тұра қалады)
Тележүргізуші
тәрбиеші: Студиямызға қош келдіңдер, ботақандар! Жеңістерің құтты болсын!
1 - бала: Көп рахмет, біз аса қуаныштымыз.
2 - бала: Бізге дауыс берген барлық Астаналықтарға үлкен рахмет айтамыз!
3 - бала: Барлығымызға ортақ мереке бас қаламыз - Астананың 16 жылдық мерекесі құтты болсын!
Тележүргізуші
тәрбиеші: Айтсын, айтсын! Расында да бүкіл Қазақстандықтарды біз де өз атымыздан Астананың туған күнімен құттықтаймыз!
Ал балалар сендердің Астана қаласына тартуларың керемет болды. Байқауда жеңетіндеріңді білдіңдер ме?
4 - бала: Жеңетінімізді білген жоқпыз, бірақ үміттендік. Бізді осында алып келген, сурет салуға, барлық өнерге үйреткен балабақшамыздағы тәрбиеші апайларымызға алғыс айтамыз.
Тележүргізуші
тәрбиеші: Бәрекелді! Ал мына қолдарыңдағы қандай суреттер?
5 - бала: Бұл - біздің Астанадағы мерекеден алған әсерлерімізден туындаған суреттер, сіздердің телеарналарыңызға сыйлаймыз.
Тележүргізуші
тәрбиеші: Көп рахмет! Шынында да нағыз суретшілер екенсіңдер, суреттерің маған ұнады. Теле-арнамыздың мұражайына қойып қоятын боламыз. Ал сендердің тағы қандай өнерлерің
бар?
6 - бала: Біз Астана қаласының туған күніне арнап әндер үйрендік, тақпақтар жаттадық.
Тележүргізуші
тәрбиеші: Қане, онда өнерлеріңді тамашалап көрейік.....
Ән «Ел жүрегі - Астана» Муз: Қ. Қайым
7 - бала: Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
8 - бала: Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған
9 - бала: Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу

Ілмектер: Астана күні, сценарий Астанаға, балабақшадағы сценарий қала күніне арналған, сценарий астана күні, астана күні мерекесіне арналған сценарий, 6 шілде астана күніне арналған сценарий, мектеп сценарий астана қала күніне арналған, астана кунине арналган сценарий, сценарий қазақша астана күніне, астана күніне арналған мерекелік сценарий, астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар, сценарий на казахском языке о день астаны астана, сценарий на казахском языке скачать бесплатно, сценарий на казахском языке скачать бесплатно 6 июля день астаны, астана күніне арналған мерекелік сценарий балабақшада, 6 шілде астана күніне арналған сценарий балабақшада, балабакша 6 шилде астана куни сценарий казакша, астана күні балабақшада, балабақшадағы астана күні, астана күні сценарий балабақша, 6 шілде астана күні сценарий балабақша, astana kүni balabaқshada, balabaқshadaғy astana kүni, stsenariy Astanaғa, balabaқshadaғy stsenariy қala kүnine arnalғan, stsenariy astana kүni, astana kүni merekesine arnalғan stsenariy, 6 shilde astana kүnine arnalғan stsenariy, Astana kүni, mektep stsenariy astana қala kүnine arnalғan, astana kunine arnalgan stsenariy, stsenariy қazaқsha astana kүnine, astana kүnine arnalғan merekelik stsenariy, astana kүnine arnalғan merekelik is-sharalar, stsenariy na kazahskom yazyke o den astany astana, stsenariy na kazahskom yazyke skachat besplatno, stsenariy na kazahskom yazyke skachat besplatno 6 iyulya den astany, astana kүnine arnalғan merekelik stsenariy balabaқshada, 6 shilde astana kүnine arnalғan stsenariy balabaқshada, balabaksha 6 shilde astana kuni stsenariy kazaksha, astana kүni stsenariy balabaқsha, 6 shilde astana kүni stsenariy balabaқsha, астана қаласы күні сценарий 6 шілде астана күніне арналған сценарий