» » » » Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші

Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші

Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші казакша Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші на казахском языке
Ақмола облысы Бурабай ауданының
Ә.Ы. Досов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қазтаева А.С.


Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.

Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші –
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

1-оқушы: Сахнаға Абай шығады. Рамазанов Айдын:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

2-жүргізуші –
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

1.Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен диолог.

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.



Презентация «Ұлы халықтың- ұлы Абайы»

Енді сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы Исина Жібек Қалиасқарқызына береміз.

Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

1-оқушы: Щербаков Юра «Қыс»

2-оқушы: Ракишева Алина «Жазғытұры»

3-оқушы: Степанова Валентина «Күз»

Қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

4- оқушы: Сапарбеков Ілияс «19 қара сөз»

5-оқушы: Жазық Алтынай «45 қара сөз»

6-оқушы:Гапченко Ирина «7 сөз»

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.

7-оқушы:Проданова Ксения «Әсемпаз болма әрнеге»

8-оқушы:Серікбаев Орынбек «Ғылым таппай мақтанба»

9-оқушы: Жазық Алтынай «Сегіз аяқ»

11- оқушы: Шарипов Амир «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

12- оқушы: Астапенко Полина «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

13- оқушы: Құрманғалиева Әсел «Білімдіден шыққан сөз»

14-оқушы: Тиесова Валентина « Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»

15- оқушы: Егорин Анатолий «Не верь разным людям»



Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтемірова Динара Науанқызына сөз береміз.

Абай құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы музыка пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Жадыра Жамбылқызына сөз береміз.

Гультяева Марияның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.

2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).

2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):

«Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.

«Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» — («Жизнь и твор­чество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художествен­ная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.

«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.

«Абай аулында» — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.

«Абай ақындығының айналасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.

«Абай елі» — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.

«Абай елінде өткізілген мереке» — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.

«Абай еңбектерінің биік нысанасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социа­лист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.

«Абай жайын зерттеушілерге» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.

«Абай жолы» (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.

«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.

«Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы» — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.

«Абай Құнанбаев» (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына бай­ланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.

«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).

«Абай» (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.

«Абай» (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.

«Абай» (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.

«Абай» (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.

«Абай» (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.

«Абай» (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.

«Абай» (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.

«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горь­кий атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.

«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.

«Аймақтану, білім арттыру» — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.



Абайдың шығармашылығын зерттеймін деушілерге дерек, монографиялық еңбектер легі осы. «Абайды оқы, таңырқа!» Қатысушыларға рахмет!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: ZHARAR | 7 744 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына  арналған әдеби кеш (колледж, университет)
Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш (колледж, университет)
Сценарий: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
Сценарий: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
Өлең: Абай Құнанбаев (Әм жабықтым әм жалықтым)
Өлең: Абай Құнанбаев (Әм жабықтым әм жалықтым)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Күшік асырап ит еттім)
Өлең: Абай Құнанбаев (Күшік асырап ит еттім)
Өлең: Абай Құнанбаев (Күйісбайға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Күйісбайға)
Тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Өшпес мұра
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Өшпес мұра
Қазақша тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Қазақша тақпақ: Ұлы Абайға арнау
Қазақша презентация (слайд): Абай Құнанбаев “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”
Қазақша презентация (слайд): Абай Құнанбаев “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”
Қазақша презентация (слайд): Абай Құнанбаев
Қазақша презентация (слайд): Абай Құнанбаев
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаманбаланың баласы өлгенде)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаманбаланың баласы өлгенде)
Өлең: Абай Құнанбаев (Өлсе өлер табиғат, адам өлмес)
Өлең: Абай Құнанбаев (Өлсе өлер табиғат, адам өлмес)
Презентация (слайд): Абай Құнанбаев өмірбаяны
Презентация (слайд): Абай Құнанбаев өмірбаяны
Қазақша презентация (слайд): Абай Құнанбаев
Қазақша презентация (слайд): Абай Құнанбаев
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Балалық өлді, білдің бе?)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Балалық өлді, білдің бе?)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Сценарийлер (ертеңгілік) жинағы, абай құнанбаев 175 жыл сценарий ашық сабақ, абай құнанбаев 175 жыл тәрбие сағаты сценарий, абай құнанбаев 175 жыл тәрбие сағаты бастауыш сынып, абай құнанбайұлына 175 жыл сценарий жоспар, абай кунанбаев 175 жыл сценарий ашык сабак, абай құнанбаев 175 жыл сценарий ашық сабақ абай құнанбаев 175 жыл тәрбие сағаты сценарий абай құнанбаев 175 жыл тәрбие сағаты бастауыш сынып абай құнанбайұлына 175 жыл сценарий жоспар абай кунанбаев 175 жыл сценарий ашык сабак, Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы