» » » » Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент)

Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент)

Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент) казакша Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент) на казахском языке
Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Ағайша:
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.
Бекнұр:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Бек:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
Меруерт:
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

- Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білеміз бе?
Нұрдос:
- Қуат алған өзінен
- Туған елдің ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
- Отанымның гүлімін.
Фариза:
- Отан – оттан да ыстық
Бағым:
- Отан - елдің анасы
Нұрдәулет:
- Отан – қуат
- Отбасы – шуақ
- Бағдәулет:
- Отансыз адам,
- Ормансыз бұлбұл.
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айару:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
Аян:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.
Зере:
- Құт береке – шаңырақ
- Орын алған – ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
- Екі жақтан көмкерген.
Кәмила:
- Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай тер тамған
- Билігім өз қолымда
- Еркіндігім – елтаңбам.
Аяна:
- Көк аспанда Нұрлы Күлімдейді далама
- Бақыт тілеп тұр бүгін
- Ол барлық пәк балаға.

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
- Балалар, біз нені жабыстырдық?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Күнді
- Сары
- Домалақ
- Көк

Сергіту сәті
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Біз бүгін не жабыстырдық?
- Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр - аға» атты әнімізді шырқайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасының
ІІ санатты тәрбиеші
Көшербаева Ақтоты



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: ZHARAR | 535 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін бастаған Елбасы)
Сценарийлер (ертеңгілік) жинағы
Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін бастаған Елбасы)
Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Президент – ел тірегі)
Сценарийлер (ертеңгілік) жинағы
Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Президент – ел тірегі)
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Зообаққа саяхат
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Зообаққа саяхат
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көктем келбеті
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көктем келбеті
Балабақша сабақ жоспары: Шана
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Шана
Балабақша сабақ жоспары: Жемістер
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Жемістер
Балабақша сабақ жоспары: 1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: 1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)
Балабақша сабақ жоспары: Үлкен - кіші ұғымы
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Үлкен - кіші ұғымы
Балабақша сабақ жоспары: Кірпі сурет
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Кірпі сурет
Балабақша сабақ жоспары: Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы
Балабақша сабақ жоспары: Менің ойыншықтарым
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Менің ойыншықтарым
Балабақша сабақ жоспары: Қазақстан халықтар бірлігі күні Достық мерекесі
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Қазақстан халықтар бірлігі күні Достық мерекесі
Балабақша сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының рәміздері
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының рәміздері
Балабақша сабақ жоспары: Менің балабақшам
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Менің балабақшам
Балабақша сабақ жоспары: Наурыз көже
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Наурыз көже
Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек)
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Сценарийлер (ертеңгілік) жинағы, Балабақшаға арналған сценарий ертеңгілік, Президент туралы сценарий ертеңгілік, елбасы туралы ашық сабақ балабақшаға, президент күні ертеңгілік балабақшада, менің тұңғыш президентім тәрбие сағаты балабақшада, президент куни сценарий балабақша, президент туралы ертенгилик балабакша, Елін сүйген Президент, Балабақшаға арналған сценарий ертеңгілік Президент туралы сценарий ертеңгілік елбасы туралы ашық сабақ балабақшаға президент күні ертеңгілік балабақшада менің тұңғыш президентім тәрбие сағаты балабақшада президент куни сценарий балабақша презид, Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы