Тіл ашар мерекесі

 Тіл ашар мерекесі

Тіл ашар мерекесі
Мақсаты: Мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата - ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу.
Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі балаларымыздың мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән-ұраны орындалады.
1.Абдәкерім Ж.
Ұқсас ақын емеспін ешкімге мен,
Сырым осы сақтаған ішімде кең.
Ұқсасам тек ұқсармын сахарама,
Өстім сонда ұдайы естіп өлең.
2.Абдеев С.
Білмдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз..
3. Айдар К.
Табиғаттан жиған сол күшім менің
Өлеңімнің оты деп түсінемін.
Тамызығы талаптың осы болса,
Таусылмайтын тартыстың ішіндемін.
4. Әбдәлі Б.
Түсіндірген түгелдей соны маған
Заман менің ұстазым, анық анам.
Үйретпесе ол мені, өтер едім
Өзін - өзі адамша танымаған.
Ән: « Әже» орындайтын Сейделхан Ақбота
5. Баратәлі Б.
Танығанға тарихтың жолы даңғыл,
Осы жолмен тартарсың сен де сан жыл.
Өз қараңды өзің тек көрсете алсаң,
Жасыра алмас қалқалап сені тағдыр!
6. Болат Н.
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
7. Бердібасыл Б.
Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
8. Бөкенбай С.
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма.
9. Жорахан Н.
Ойым бар: бірде дауыл, бірде жалын,
Сақтайтын есті ұрпақтың, ата салтын.
Тіл мен елдің тағдырын Ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
Ән. «Аналар алтын » орындайтын Мұхымбек Ж
10. Заир Н
Мен сені сүйем елім жасырмаймын,
Асылдың сынығы боп, тұлпардың тұяғымен тасырлаймын.
Намысты қолдан бермейтін ұлыңмын
Басымнан бір ауыз сөз асырмайтын.
11. Заир Г
Алдымда биік мақсат, үлкен сенім.
Тізгінді басқаларға бермес тегін.
Бәсекеге түсетін саналы ұрпақ
Киелі жер Иесі - сенгін Елім!
12. Ирсинбетов М
Дархан пейіл, ақкөңіл, бір құт елміз,
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп,
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
13. Кенжеқұл А
Парасат пен ізгілік бойымызда,
Ата - баба өсиеті ойымызда.
Бақыт құсы самғасын көгімізде,
Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.

Ән «Ұстаз ана » хор орындайтын Ұлдар –қыздар тобы
14. Құрбанбек Н
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
15. Құрбанәлі Е.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
16. Қалшабек А.
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата - ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
17. Мұхымбек Ж.
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай - талай азамат.
Ән «Әкелер» орындайды: Ирсимбетов М, Баратәлі Б
18. Рустамова А
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
19. Сейделхан А
Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Ән «Анажаным» Хор Ұлдар-қыздар тобы
20. Салдарбек Ж.
Өзіңді өзің табуға
Бағыт - бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.
21. Сейдомар Ж
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

22. Собирбаев А
Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.
Ән «Жанашырым ана» орындайтын Айдар К, Бөкенбай С
23. Түзелбай Д
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.


Ертегіні сахналау: « Бауырсақ » ертегісі

Сазды бағдарлама:
Би «Тәуелсіз қазақтың қызымын» орындайтын Салдарбек Ж
Ән «Мен қазақпын» орындайтын Жорахан Н, Құрбанбек Н
Ән «бір жұлдызың боламын » орындайтын Болат Н
Би « Толғау» Ұлдар тобы
Би «Әке толғауы» қыздар тобы
Ән «Ертегілер» орындайды Рустамова А
Ән « Еркемін» орындайды Салдарбек Ж
Би «Үнді биі» орындайды Рустамова А
Ән хор «Атамекен»

Мұғалім: Ұрпақпен ұласады мұрат арман,
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар, қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы —Тілашардан!
Қорытынды: Ата-аналар өзпікірлерін айтып өтті. Қожамжаров Рамазан ағай балаларымызды құттықтай келе «5» деген бағасын берді.

Автор - Сейделханов Бауыржан Ваккасович


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі