Қазақша сценарий: 1 қыркүйек - білім күні (алғашықы қоңырау, салтанатты жиын)

Қазақша сценарий: 1 қыркүйек - білім күні (алғашықы қоңырау, салтанатты жиын) казакша Қазақша сценарий: 1 қыркүйек - білім күні (алғашықы қоңырау, салтанатты жиын) на казахском языке


Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туын енгізу
4. ҚР әнұраны
5. Қала әкімінің құттықтауы
6. Би
7. Мектеп директорының құттықтауы
8. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары
9. Ата - аналар атынан құттықтау сөз
10. Алғашқы қоңырау салтанаты
11. ҚР мемлекеттік туын шығару
12. Қорытынды сөз
13. Оқушыларды мектепке кіргізу

Уақыты: 10. 00
Сыныптар: 1 - 11 сыныптар
9. 30 – Музыка жіберу
9. 50 – Сапқа тұрғызу
10. 00 – фанфары жіберу
Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу
Жүргізушілер:
1 - Жүргізуші:
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
2 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - Жүргізуші:
Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы алынған. Ол қоғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді, тіпті одан да озық.
2 - Жүргізуші:
2015 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығы жылы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.
1 - Жүргізуші:
Бүгінгі № 35 мектеп - гимназиясының 1 - қыркүйек білім күні мерекесіне құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:

2 - Жүргізуші:
Бірінші сынып оқушыларын және олардың мұғалімдерін құттықтап қояйық!
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой - санама еккенің.
1А сыныбын білім әлеміне Асанғалиева Дина бастап апарады

1 - Жүргізуші
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем

1Ә сыныбын білім әлеміне Қосанова Жанна Ануарбекқызы бастап апарады
2 - Жүргізуші
Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен

1Б сыныбын білім әлеміне Измағамбетова Нұргүл бастап апарады

1 - Жүргізуші
Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

1В сыныбын білім әлеміне Айнұр бастап апарады

2 - Жүргізуші
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

1Г сыныбын білім әлеміне Даулетова Айша бастап апарады

1 - Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын!

2 - Жүргізуші:
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

1. ҚР гимні
Би «Қазақ биі» орындайтын бишілер тобы

1 - Жүргізуші:
Жаңа оқу жылымен сіздерді №35 мектеп - гимназиясының директоры Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы құттықтайды.
2. 1 - сыныптардың тақпақтары

2 - Жүргізуші
Ата - ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өрер
3. 1 сынып ата - аналарының құттықтау сөзі

Ән «Мектебім» Орындайтын Мұсағалиева Айжан
1 жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
4. Алғашқы қоңырау салтанаты
1 жүргізуші:
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы Қабдешов Қуанышбек пен 1 сынып оқушысы Ахмет ләззат ие болып отыр.

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

5. ҚР мемлекеттік туын шығару салтанаты
1 жүргізуші:
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!

6. Қорытынды құттықтау сөзі
8. Оқушыларды мектепке кіргізу

№35 мектеп-гимназиясы
Тәжбентаева Зульфия Сайлаубайқызы



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Қазақша Сценарийлер жинағы, алгашкы конырау сценарий, алгашкы конырау салтанатты жиын сценарий, алғашқы қоңырау сценарий салтанатты жиын сценарий, 1 қыркүйек білім күні сценарий алғашқы қоңырау сценарий салтанатты жиын сценарий, 1 кыркуйек билим куни салтанатты жиын сценарий, алгашкы конырау сценарий, алгашкы конырау салтанатты жиын сценарий, алғашқы қоңырау сценарий салтанатты жиын сценарий, 1 қыркүйек білім күні сценарий алғашқы қоңырау сценарий салтанатты жиын сценарий, 1 кыркуйек билим куни салтанатты жиын сценарий, Қазақша сценарий: 1 қыркүйек - білім күні (алғашықы қоңырау, салтанатты жиын) сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы