DataLife Engine / Қызықты математика (5 сынып)

Қызықты математика (5 сынып)

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің
ІІ санатты математика пәнінің мұғалімі
Урисбаева Жанат Алдамуратовна.
5-сыныптарға арналған математика пәнінен
сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыс.



Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде қолдана алуға үйрету
Түрі: cайыс cабақ
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар

Сабақтың барысы:
І тур. Таныстыру
ІІ тур. Математикалық оқулар
ІІІ тур. Мергендер сайысы
ІV тур. Тапқыр болсаң талас жоқ. Практикалық есептер
V тур. Жұмбақтар шешу.
VІ тур. Қағып ал да, жалғастыр
VІІ тур. Жанкүйерлер сайысы
VІІІ тур. Топ басшылар сайысы
ІХ. Қорытындылау, марапаттау

Бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді

І тур. Таныстыру (әр топ таныстырады)

І топ. «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

ІІ топ. «Төртбұрыш» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

ІІІ топ «Дөңгелек» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.




ІІ тур. Математикалық оқулар (сан мен әріптерді қосып оқып мағынасын түсіндіру)
І топ ІІ топ ІІІ топ

Тем+2 = «-»+ан = 100 + дік =
М+10+ша = 1+қазан = 8 + көз =
40+қабат = К+2+лік = Зең+1+ек
Б+50+ар = 100+ік = С+2+ру
М+3+е = 7+ген = 5 + ік =
7+ су= 40 + аяқ = К + 2 +л =
6+бақан = Т + 10 = Қ + 10 + ақ =
Лим+10 = 3 + кір = 7 + к =
М+10+шақ = 6 + н = С + 10 +а =
ІІІ тур. Мергендер сайысы

«Мергеннің көзі де, мерген, қолы да мерген болуы керек» дегендей, мергендер сайысын бастаймыз.
Мұнда оқушылар шардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Дартс ойыны ойналады.
1. Фигуралар сандармен белгіленген болса, төмендегі суретке қай жауап сәйкес келеді?

2. Кестедегі сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналастырылған. Бұл заңдылықты және қалып қойған санды анықтаңдар.

1 5 6 11 * 28
10 ұпай
3. Сыйлық. 20 ұпай
4. (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
5. Нұркен әкесімен тирге барды. Алдын ала былай келісіп алды: Нұркен бес рет атады және нысанаға тигізген сайын тағы да екі рет атады. Ол барлығы 17 рет атты. Нұркен қанша рет нысанаға дәл тигізді?
ІV тур. Тапқыр болсаң талас жоқ. Практикалық есептер
1. Банка мен доп берілген. Доп банканың ішінде. Банкаға қолды тигізбей допты қалай алуға болады?
2. 3 стакан мен ақ парақ берілген. Ақ парақты қолданып екі стаканның үстіне бір стаканды қалай қоямыз?


V тур. «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)
1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

3. Алды – артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді,
Шыққан тегім білсе де. (түзу)

4. Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат,
Оның аты....... /сағат/

5. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/

6. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


7. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

8. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

9. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
Алдында екеу,екеу келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4)
10. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (17)

11. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Алматқа
Қалады сонда қанша алма? (24)

12. Сапырып-сапырып сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер.
Өзің іште маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? ( 10 адам, 5 ұры)

VІ тур. Қағып ал да, жалғастыр
Бірінші топ допты лақтырып математикалық термин сөз айтады, допты қағып алған топ термин сөзді жалғастырады.
VІІ тур. Жанкүйерлер сайысы «Арифметикалық лабиринт» ойыны.
Экранда лабиринт суреті берілген. Әр қақпаның алдында сандар жазылған. Қақпадан өткен сайын сол сандар қосылып отырады. Лабиринттің ортасына жеткенде 100 санын жинауымыз керек. Лабиринттің ортасына қанша жолмен баруымызға болады?
VІІІ тур. Топ басшылар сайысы
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
Неше стакан қалды? 3 стакан
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек? Жоғарыға.

3. Бір-біріне тең төрт бөлікке бөл.
Шешімі:
Алдымен әр шаршыны 4 бөлікке бөліп тастаймыз. Сонда бізде 12
тең бөлік пайда болады. Ал 12-ні 4 бөлу оңай.
4.Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сірінкені)
5. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)
ІХ. Қорытындылау, марапаттау
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың
Биіктерге көтерер.
Барлық бөлімнің ұпайлары саналып, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді және марапатталады.
Сыныптан тыс өткізілген бұндай сайыстарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білімін бағалау, ой-өрісін кеңейтіп, тұжырымдар жасатып, өз ойларын айта білуге төсілдірумен шығармашылық қиялын дамытады.
01.06.2015
Вернуться назад