30 Тамыз - Конституция күні

 30 Тамыз - Конституция күні

Мақсаты:Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд .
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, әнұран, би,ойын.
Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Жүргізуші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
- Арайлаған танды сүйетін кім?
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Туған жерді сүйетін кім?
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Досын сүйетін кім?
- Еліміздің болашағы кімдер?

Жүргізуші: - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді.
Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.
Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Елбасымыз кім?
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Балалар сендер рәміздер туралы білесіндер ме?
Жүргізуші:Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза кү
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші:Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші:Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Балаларға әнұран айтуды үсынады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Қимылды ойын «Киіз үй»
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Cлайд көрсету.
Қыздардың орындауында «Қамажай» биі.
Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын!
Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады