Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінің идеясы

Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінің идеясы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Туған жерім-аялы алтын бесігім

Мектеп:  Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы, №2 орта мектеп                                     

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Боранғали Б.О.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінің идеясы

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіріп, бағалайды;

Бағалау критерийлері

Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені танытатын жолдарды анықтайды;

Мәселені идеясы арқылы талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Құрыш – жылтыр сұр түсті, темір мен көміртегі және басқа бекіткіштердің ерітіндісінен тұратын болаттың берік түрі;

Мәртебе – бұл  жерде: мәрте, рет;

Әзәзіл – азғырушы, арбаушы;

Малдану – бұл жерде: пайдалану, пайда көру.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. Медиақұрал арқылы бейнежазбалар көреді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқушлар Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

 

Қызығушылықты ояту

ЖЖ.

Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.

 

  

 

 

  

 

Дескриптор        Білім алушы

-          инфографиканы пайдаланады;

-          кейіпкерді сипаттайды.

Бағалау «3-2-1»

Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру;

 

Суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=JMlDI1GCtnw

Сабақтың ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

ТЖ.

Тұжырымдамалық кесте

Оқушылар төрт немесе бес адамнан құралған топтарға бөлініп жұмыс істейді. Әр топта флипчартқа арналған қағаз бен маркер беріледі. О0ушылар Әбу Насыр әл-Фараби туралы не білетінін шамалап көрсету үшін тұжырымдамалық карта жасайды. Тұжырымдамалық карталар жасалып болған соң, әр топтың мүшесі өздерінің жұмысын таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дескриптор        Білім алушы

 

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

ЖЖ.

1-тапсырма

Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңін тыңдату

“Түртіп алу” әдісі: Жиегіне тиісті белгілер (“ü” – бұрыннан білемін, “+” – енді білдім, “?” – түсіне алмадым, “-” – келісе алмаймын) қоя отырып, әр оқушы мәтінмен алдымен жеке, сонан соң жұптасып жұмыс жасайды. Жұптық жұмыс барысында жаңадан білген мәліметтер мен түсініксіз жайлар талқыланады.

 

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма

Тіпті кейде болса да әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен

Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

ЖЖ.

2-тапсырма

Сәйкестендіріңіз

Төмендегі  сөздерді  анықтамасымен сәйкестендіріңіз.

 

Құрыш

Жылтыр сұр түсті, темір мен көміртегі және басқа бекіткіштердің ерітіндісінен тұратын болаттың берік түрі.

Мәртебе

Бұл жерде: мәрте, рет.

Әзәзіл

Азғырушы, арбаушы.

Малдану

Бұл жерде: пайдалану, пайда көру.

 

Дескриптор        Білім алушы

·         сөздерді  анықтамасымен сәйкестендіреді.

 

Бағалау «Бас бармақ»

 

ЖЖ.

3-тапсырма

 

Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелер

мысал

идеясы

Төзімділік

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Өмір болған соң, адамзат баласы көптеген қиындықтар мен жағымсыз жағдайларға тап болады. Сол қиындықты төзімділік пен сабырлылықтың арқасында ғана жеңуге болады.

Тағдырды жазғырмау

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма

 

Өлеңде ақын тағдырды жазғырмауға, өмірде бәріне шыдамдылық танытуға шақырады

Сабырлылық

Тіпті кейде болса да әзәзіл азғырған.

 

Адам баласының басына жақсылық бірден келмейтінін, ол үшін аянбай еңбектену керектігін, сабырлы жан қашан да арманына қол жеткізетінін жырлайды.

Адал достық

Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.

Ақын адам баласының адал дос табуын, жақсы амалмен көзге көрінуін, төзімді де, сабырлы болуын қалайды.

Дескриптор        Білім алушы

-          өлең жолдарында көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;

-          мысалдар келтіріп, өз ойын дәлелдейді;

-          шығарма идеясын талдайды.

 

Бағалау «Үш шапалақ»

Флипчарт, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

- Алдымен біз былай деп ойладық...

- Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық...

- Проблеманы шешу үшін біз ... жасадық.

- Бұдан біз ... көрдік.

- Демек, бұл мынаны білдіреді ...

- Сонымен біз ... деген шешімге келдік.

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға қолдау көрсету үшін оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұптық тапсырмалар беремін. Қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі бағыт-бағдар беріп отырамын.  Оқылым мәтіні бойынша оқушылардың қабілеттерін ескеріп, сараланған мәтіндер мен тапсырмалар беремін.                        

 

 

 

Оқушыларды бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек», «3-2-1», «Бас бармақ» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын. 

Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады: оқушылардың түзу отыруына, тақтаға дұрыс қарауына, жалпы, СӨС ережелері сақталады.

Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдылары дамиды. Топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 


Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
162,5 -91,5

Добавить комментарий

Комментариев 1

  1. Офлайн
    Жанара Жаксылыкова
    Жанара Жаксылыкова 29 марта 2016 12:14
    0 + 0 -
    не очень