10 саны. Математика пәні. 1-сынып


Натурал сандарды алу жолдарын біледі. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санай алады


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

Сабақ тақырыбы:

10 саны

Мектеп: №220

Күні :  27.09.

 

Мұғалім: Каденова Ардақ

СЫНЫП: 1 «Е»сынып

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандарды алу жолдарын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен

санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолданады;

•  цифр  мен   санды  бір-бірінен    ажыратады;

бір таңбалы   сандарды әртүрлі      тәсілдермен

(нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және

т. б.) көрсете алады;

“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сандық сәуле ;

поезд кейіпіндегі сандар тізбегі;

0-ден 9-ға дейінгі сандары бар парақшалар;

10 саны жазылған парақша;

2 жеміс;

10 қарындаш;

15 таяқша;

таратпа тапсырмалар;

АКТ пайдалану;

көрнекі құралдар, суреттер.

Тірек сөздер

он; бір таңбалы сан;

екі таңбалы сан.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды “бір таңбалы” және “екі таңбалы” сандар ұғымымен таныстыру; 10 санының мағынасын он нысаны бар жиынның сандық сипаттамасы ретінде түсіндіру; 10 санының құрамымен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Оқушылар сабақта 10 саны көлеміндегі ауызша есептеуді қолданады. Бұл сабақта 10 саны екі таңбалы сан ретінде түсіндіріледі. Жазылуында 1 және 0 цифрлары қолданылатындықтан, 10 саны екі таңбалы сан болып табылады. Жазылуында тек бір цифр ғана қолданылатындықтан, 0-ден 9-ға дейінгі сандар бір таңбалы сандар деп аталады. Кіріспе тапсырма. Сабақты күз туралы әңгімеден бастаңыз. Бұл жыл мезгіліндегі адамдардың айналысатын негізгі жұмысы, яғни егін жинау, жеміс-жидектерді теру т.б. науқаны туралы әңгімелеңіз. Оқушыларға бүгінгі сабақта жеміс жинау жұмысына қатысатындарын айтыңыз. Тақтаға он оқушыны шығарыңыз. Соңғы оқушыға 2 жеміс беріңіз. Барлық оқушылардан қолдарын көтеруін сұраңыз. Қол көтерген оқушылар бақтағы жеміс ағашы кейпінде тұрғанын айтыңыз. Бақтағы жемісі жиналған ағаштың қанша екенін санатыңыз (олар — 9 ағаш). Қанша ағаштың жемісі жиналмаған? Барлығы қанша жеміс ағашы бар? 10 санын қалай шығарып алуға болады? Олар 10 саны бар парақшаны көрсетсін. 10 санының сандық сәуледегі орны туралы сұраңыз. 10-ға дейінгі барлық санды айтқызыңыз. 10 санының басқа сандардан айырмашылығын және 10 саны неше цифрдан тұратынын сұраңыз. 10 саны 1 және 0 цифрларынан құралғандықтан, екі таңбалы сан деп аталатынын айтыңыз. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 — бір таңбалы сандар. Неге олай аталатынын түсіндіріп беруді сұраңыз.

Оқушыларға 10-ға дейін өсу және кему ретімен санауды ұсыныңыз. Адамның дене құрылысында 10 санына тең қандай мүшесі бар екенін сұраңыз (қолдың саусақтары, аяқтың башпайлары).

Суретте барлығы қанша сан бар? Тапсырманы жалпы сынып оқушыларымен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға сандарды санатыңыз. Сандарды атап, екі таңбалы және бір таңбалы сандарға бөлгізіңіз.

Жауабы:барлығы 8 сан, бір таңбалы — 7, екі таңбалы — 1.

Сандарды салыстыр. Оқушыларға сандарды салыстыруды жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар сандардың арасына түсіп қалған таңбаларды қояды. Тапсырманың қорытындысын шығарып, оларға мынадай сұрақ қойыңыз: “Қай жазу басқаларынан өзгеше? Неліктен?” (10 = 10.)

 

Қанша жеміс бар? Тапсырманы орындау үшін құрамы бес оқушыдан болатын бірнеше топ құрыңыз. Барлық жемісті 10 данадан жинау керектігін айтыңыз. Бір оқушы — алша, екінші оқушы — өрік, үшінші — алмұрт, төртінші — алма және бесінші оқушы — бананды санап, 10-ға дейін толықтырады. Сөйтіп әр топ жемістерді түріне қарай бөледі. Бұл жұмыс түрін ауызша тақтада (не жазбаша) орындауға болады.

Жауабы:

 

9 алшаға тағы 1 алша керек;

8 өрікке 2 өрік;

6 алмұртқа 4 алмұрт;

3 алмаға 7 алма;

5 бананға тағы 5 банан керек.

Жемістердің артында қандай белгілер жа-сырынған? Оқушыларға жұмысты ұжыммен орындауды ұсыныңыз. Олардан өрнектерді кезекпен оқып, түсіп қалған таңбаларды атауды сұраңыз. Оқушылардың өрнектерді дұрыс оқуына мүмкіндік беріп, оларды бақылаңыз.

Жауабы:

10 – 5 = 5; 7 + 3 = 10; 6 + 4 = 10; 4 + 6 = 10; 10 – 4 = 6; 5 + 5 = 10.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындатыңыз. Оларға тапсырманың мағынасын түсіндіріңіз. Бірінші санды 10-ға дейін толықтыратындай санды екінші беттегі сандардан табу керек. Есептеу үшін 10 қарындашты қолдануды немесе саусақтарын санауды ұсыныңыз.

Жауабы:

7 және 3, 9 және 1, 5 және 5, 6 және 4, 8 және 2.

Орындап көр. Әрбір жұп оқушыға бетінде 10 шаршы сызылған түрлі түсті қағаз бетін дайындаңыз. Оқушыларға шаршыларды қиып алуды ұсыныңыз. Содан кейін үлгідегі сияқты шаршы құрастыру керектігін айтыңыз. Оқушыларға шаршыларды екі топқа бөліп, басқаша түрде жайып қоюды сұраңыз. Бұл тапсырманы үйде орындауға беруге болады.

Жауабы:

4 пен 6, 5 пен 5.

     Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

 

Оқушылардың “екі таңбалы сан” және “бір таңбалы сан” атауларын қолдануына мүмкіндік жасаңыз. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды ретсіз айтыңыз, ал оқушыларға екі таңбалы немесе бір таңбалы сандарды кезек-кезек айтуды ұсыныңыз.

 

Парта үстінде алдын-ала дайындалған қорапшаға сандар жапсырылып тұрады. Жанында таяқшалардың басына жазылған есептер беріледі. 3 оқушы шығып әр қайсысы 5 есептен шығарып, сандар жазылған қорапшаның ішіне салуы керек.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

                        қандай сандардың екі таңбалы, қандай сандардың бір таңбалы болатынын түсінеді;

                        сандық сәуледе 10 санының орнын таба алады;

                        10 санының құрамын біледі.

Оқушылардың  сабақтан  алған  білім  деңгейін

бағалау үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

— 10 саны бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма? Неге?

— Бір таңбалы сандарды атаңдар. Оларды неге бір таңбалы сандар деп атайды?

— 10 санының алдында қай сан бар? Бұл сан сан түзуінде 10 санының оң жағында ма, әлде сол жағында ма?

— Сандық сәуледе 10 санының оң жағында қай сандар тұрады: бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?

— 10 санын қалай алуға болады?

Оқушыларды бағалауға байланысты түрлі-түсті сыртында әртүрлі жеміс-жидектердің суреті бар конфеттермен бағалауға жұмыс өткізіңіз.

 




Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу