Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы

 Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы

Жезқазған қаласындағы №133 негізгі мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы
Пәні: Қазақстан тарихы 8 сынып



Ашық сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы.
Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Ашық сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Ашық сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ашық сабақтың әдіс тәсілдері: топпен жұмыс,баяндау ,сұрақ- жауап , сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Ашық сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ыбырай Алтынсариннің портреті,нақыл сөздері,кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Ашық сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.
Үй тапсырмасын сұрау: «Білім аукционы».
Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889)Зерттеушілер тобы ағартушының өмір жолына зерттеу жасау.
Баяндаушылар тобы педагогикалық қызметін баяндау.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Хронологиялық кесте “Жылдар сөйлейді” 2- топ тапсырма беріледі.
1 топ
1841 жыл
1860 жыл
1880 жыл
1879 жыл
Сергіту сәті.
Ыбырай Алтынсариннің өзен өлеңі.
Шығармашылық тапсырма.
Зерттеушілер тобы: Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш орнату.
Баяндаушылар тобы : Тілшімен сұхбат.

Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.
Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен кейіз үй», «Әй, жігіттер», «Залым төреге», «Өзен», «Жаз». т.б.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.
Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Сабақты бекіту сұрақтары: Ыбырай Алтынсарин кім? Атасының аты кім? Ыбырайды атасы бауырына неліктен басты, атасының тәрбиесінде болудың себебі. Ыбырай алғашқы қазақ даласында ашылған мектепте неше бала оқытты.
Үйге тапсырма: Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу. Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келіңдер. «Өзен» атты өлеңін жатқа, мәнерлеп айту. «Даланың дара ұстазы» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келу.
Мұражайға саяхат.
Рефлексия.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі