Ана тілі | 25 Қазан - Республика күні (Қазақстан - Республикам менің)

 Ана тілі | 25 Қазан - Республика күні (Қазақстан - Республикам менің)

Ашық сабақ пәні: Ана тілі.
Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан - Республикам менің. 72, 73 - жаттығу.
Ашық сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы айтып өту, түсіндіру. Тасымал туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын; Әнұранын қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Ашық сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Рәміздері, картасы Елтаңбасының портреті, Төлеген, Мәншүктің портреттері, Абай Құнанбаевтың, Сәкен Сейфуллиннің портреті, тапсырмалар.
Ашық сабақтың түрі: Интерактивті сабақ түрі.
«Білім шыңына»саяхат.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, СТО технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка.
Отан деген қалай түсінесіңдер?

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Білім шыңына»саяхат.
І - баспалдақ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұранымыз: «Ойымызды ашайық, алға қарай басайық».
ІІ - баспалдақ. Жаңа сабақ.
Ұранымыз: «Ой қозғайық шаршамайық». Сергіту сәті.
ІІІ - баспалдақ: Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
Ұранымыз: «Біліммен шыңдалайық».
ІV - баспалдақ: Қорытындылау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Отан» өлеңін жатқа сұрау.
2) Сұрақ – жауап.
- Балалар Отан деген не?

- Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата - ана, ауылымыз. т. б.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе.
Қазақстан – Тәуелсіз көп ұлтты Мемлекет. Біздің Елордамыз - Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.

2. Сұрақ – жауап.
1)- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2) Республикамыздың қандай рәміздері бар?
3) Тудың түсі қандай?
4) Бас қала қай қала?
- Бас қала - Астана қаласы.
3) Оқулықпен жұмыс 85 - бет.
1. Өлеңді тыңдату.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.
3. Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізу.
А) Осы өлеңде қандай есімдер аталған?
Төлеген, Мәншүк – Отанымызды жаулардан қорғаған Батыр жауынгер ұлы мен қызы.

Абай Құнанбаев - ұлы данышпан, дана. дара тұлға. Сәкен Сейфуллин - жазушы, сұлулықты жырлаған асқақ ақын.
Сергіту сәті.
Таудың тасында дем аламыз. «Ойыны».
Тауға шықтым өрмелеп,
Шаршап талай бөгелдім.
Жан - жағыма мен кенет,
Қарап едім не көрдім?
Балалар: Аспан, Күн, тас, гүл, құз, құстың ұясы т. б.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Тасымал ережесін сұрау, мысал келтіру.
72 - жаттығу.
Үлгі: Құ - ры - лыс - шы - лар
1) Құ - рылысшылар
2) Құры - лысшылар
3) Құрылыс - шылар
4) Құрылысшы - лар
Шығармашылық тапсырма.
Керекті сөздерді пайдалана отырып, Сөйлемдерді толықтыру.
1) Қазақстан Республикасының Туында... бейнеленген.
2) Оның астында қалықтап ұшқан... көрінеді.
3) Күн, шұғыла және қыран бейнесі... түсті.

IV. Қорытынды:
- Балалар сендер елімізге, жерімізге қандай тілек білдіріп едіңдер?
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын!
- Соғыс апаты болмасын!
- Бейбітшілік болсын!

Бағалау, мадақтау. Үйге: 85 - бет жаттау, 73 - жаттығу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!