Қазақша ашық сабақ: Математика | Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир » ZHARAR © 2018 | Бұрыш туралы ашық сабақ математика, Бұрыштарды өлшеу туралы ашық сабақ математика, Транспортир туралы ашық сабақ математика, Транспортир туралы ашык сабак казакша математика, бурыш туралы ашык сабак казакша математика

Қазақша ашық сабақ: Математика | Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир

Қазақша ашық сабақ: Математика | Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир казакша Қазақша ашық сабақ: Математика | Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир на казахском языке


Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың "бұрыш", "бұрыштардың түрлері" тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
дамытушылық: есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелілік: өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа, өз бетінен және топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: ассоциация, ой - қозғау, топшамамен, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: геометрия, қазақ тілі, дүниетану.
Көрнекіліктер: топшамалар, кестелер, транспортир, сызғыш сағат.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
а) Сәлемдесу;
ә) тренинг "пойыз".
б) оқушыларды түгендеу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
г) үй тапсырмасын тексеру: №208.
д) өткен тақырып бойынша "сөзжұмбақ" шешу.

"Сөзжұмбақ".
1) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
2) Транспортир бұрышты өлшеуге арналған...
3) Бұрыштың өлшем бірлігі?
4) 1800 - қа тең бұрыш қалай аталады?
5) Сүйір бұрыш 900 - тан...
Қырық бес
құрал
градус
ж азыңқы
кіші

ІІ. Мағынаны тану.
1) Оқулықпен жұмыс.
№206.
Жазыңқы бұрыш бірдей 5 бөлікке бөлінген. Осы бұрыштарды табыңдар. Әрбір бұрыш қанша бұрышты береді? Олардың біреуін салыңдар.
180°: 5=36°
Жауабы: 36°.
№209.
Екі түзудің қиылысуынан шыққан бұрыштың біреуі екіншісінен 3 есе артық. Осы бұрыштарды табыңдар.
х+3х=180
4х=180
х=180: 4
х=45
45+3•45=180
Жауабы: ∠1=45°, ∠2=135°.

2) Топшамамен жұмыс.
Топшама №1.
а) Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең?
ә) В АОВ бұрышы 30 - ға тең, ВОД бұрышын табыңдар.

Топшама №2.
а) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
ә) К ЕОК бұрышы 150-ге тең, КОМ бұрышын табыңдар.
3) Топпен жұмыс.

Топтарға бөлу.
"Сүйір" және "Доғал" сөздері буынға бөлініп қиылады. Әр оқушы қағаз таңдау арқылы сөздерді тауып, топ болып отырады.

"Ой қозғау".
1) Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. /бұрыш/
2) Балаларды "жазалайтын"фигура? /бұрыш/
3) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? /4 бұрыш/
4) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар? /төрт/

"Пратикалық тапсырма".

Әр топтан тақтаға 1 оқушы шығып, көзбен мөлшерлеп 45°- ты сызу керек. Тапсырма орындалғаннан соң, транспортирдің көмегімен бұрыштың градустық өлшемі өлшенеді.

Қосымша есеп.
АОВ бұрышы 87 - ге тең. Осы бұрыштың ішінен ОС сәулесі жүргізілген. ВОС бұрышы 52 - ге тең болса, АОС бұрышының градустық өлшемін тап.

"Ғажайып кесте".
Берілген әріптер мен цифрлардың көмегімен кестедегі әріптер мен цифрларды тігінен және көлденең қосып, нақыл сөзді оқу керек.
А1, Ә2, Б3, В2, А1, Ә2, Б3, Г1, Ғ1, Ә2
Д2, Е1, Ё1, Е1, А1, Б4, Ә2, Е2, Б4, Е1, Ғ3
Д3, Ә2, Б3, Г3, Ә2, В1, Е1.

------1 ----2 -----3-----4
А ---м ----ә -----в ----ж
Ә--- з -----а ----к -----н
Б ---о -----ұ -----т ----д
В ---с -----е -----б ----ү
Г---- и----- у ----ш---- ь
Ғ----к -----ь ----ң -----г
Д--- ю---- ғ ----п -----я
Е ---ы ----р -----і -----э
Ё--- л -----ф ----х ----ө

Жауабы: "Математика - ғылымдардың патшасы".

Қоршаған ортада кездесетін бұрыштар.
Оқушыларға қоршаған ортада кездесетін бұрыштардың суреттерін слайд арқылы көрсету.

ІІІ. Толғаныс.

"Шрифтограмма".
спорт+ринатр=? ---------- транспортир
ғал+од=? ------------------- доғал
жазық+ың=? --------------- жазыңқы
үй+ріс=? -------------------- сүйір
шы+бұр=? ------------------ бұрыш
су+град=? ------------------ градус

"Бес жолды өлең".

Мысалы: зат есім - бұрыш
сын есім - сүйір, доғал
етістік - өлшенеді, сызылады
сөйлем - оқушы сүйір бұрыш сызды
синоним - фигура.

Үй тапсырмасын беру: күнделікті өмірде кездесетін бұрыштардың сүреттерін салу.
Қорытындылау, бағалау.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, Бұрыш туралы ашық сабақ математика, Бұрыштарды өлшеу туралы ашық сабақ математика, Транспортир туралы ашық сабақ математика, Транспортир туралы ашык сабак казакша математика, бурыш туралы ашык сабак казакша математика, Бұрыш туралы ашық сабақ математика, Бұрыштарды өлшеу туралы ашық сабақ математика, Транспортир туралы ашық сабақ математика, Транспортир туралы ашык сабак казакша математика, бурыш туралы ашык сабак казакша математика, Қазақша ашық сабақ: Математика | Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат