DataLife Engine / Материктер мен мұхиттар 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Материктер мен мұхиттар 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Материктердің қиындыларын құрастыру арқылы топтастырылады және сабаққа сәттілік тілеу.
Топпен жұмыс ережелерін еске салу.
Жеміс ағашындағы өз орнын табу арқылы, материктер туралы не білетіндерін сұрау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына шығу.
2. Ой қозғау:
Қандай ұқсастық бойынша топтастырдыңыздар?
- бүгін сабақ не туралы болады?
- қандай тақырыпты өтеміз?
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.
(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Мұғалім оқушыларды материктерді сипаттау жоспарымен таныстырады.
Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:
Материк атауы және ауданы
Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы
Шеткі нүктелері мен олардың координаталары
Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)
Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр
Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан
Басқа материктерге қатысты орны
Қорытынды шығару
Антарктида материгі мысалында жоспарды оқушылармен бірге талдау.

5. Білімді бекіту
(Д) Ең, ең, ең кестесін толтыру арқылы оқушылардың өз-өздерін тексереді
1. Ауданы ең үлкен материк
2. Ең суық материк
3. Ең ылғалды құрлық
4. Ең құрғақ материк
5. Ең кіші құрлық
6. Адамдар ең көп тұратын құрлық
7. Ең аласа материк
8. Адамдар мүлдем қоныстанбаған материк
Тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім тақтадан дұрыс жауаптарын көрсетеді. Оқушылар жұпта бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
* физикалық картаны пайдаланып, материктің сипаттамасын анықтай алады
(Т) Рөлдік-сюжеттік ойын арқылы материктерді жоспар бойынша сипаттау.
Сынып 6 топқа бөлінеді әр топта төрт оқушыдан. Шағын зерттеулер жүргізе отырып, материктерді жоспар бойынша физикалық-географиялы табиғат ерекшеліктерін анықтайды
-Саяхатшы (картаға қарап жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздері туралы айтады, картадан көрсетеді)
- Картограф (кескін картаға шеткі нүктелерін салып, оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа ара қашықтығын есептейді, бас мередиан мен экватор сызығына қатысты орнын айтады)
-Тарихшы (ашылу және қоныстану тарихын сипаттайды, алғаш ашқан саяхатшылардың жолын көрсетеді)
- Географ (биік таулары мен ірі жазықтарын кескін картаға салады, сипаттайды).....
22.08.2020
Вернуться назад