DataLife Engine / Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушыларға әріптер таратылып беріледі. Оқушылар берілген әріптерден бір мұхиттың атауын құрасытырып шығулары қажет. Әр топ өзіне берілген мұхиттың зерттелу тарихына шолу жасаулары қажет.
Дескрипторлар
Оқушы
-Мұхит атауын дұрыс құрастырады;
-Алғашқы ашқан саяхатшыларды, зерттеуші ғалымдардың есімдерін дұрыс атайды;
-Мұхит гидронимдерінің шығу тарихын сипаттайды;
-Мұхитқа байланысты 2 факт айтады.
Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.
2. Ой шақыру «Миға шабуыл». Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін бағалайды.
1) Ең үлкен мұхит?
2) Ең суық мұхит?
3) Ең кішкентай мұхит?
4) Неге Тынық мұхиты "тынық" деп аталады?
5) Мұхиттағы ең ірі жануар?
6) Мұхиттардың жер бедері қандай болады?
7) Мариан шұңғымасы қай мұхитта орналасқан?
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;
4. Мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Мұғалім оқушыларға мұхиттың жер бедерін, оның құрамдас бөліктерін, қасиеттерін түсіндіреді.
5. Бейнеролик «Дүниежүзілік мұхит».
Бейнеролик қарамастан бұрын, оқушыларды бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беретіндері бойынша ескерту қажет. Мұғалім бейнеролик бойынша немесе оқушылар бейнеролик бойынша өзара сұрақтарға жауап береді.
6. Жоспар бойынша сипаттау. Оқушылар мәтінді және атласты пайдалана отырып, өздеріне берілген мұхиттарды жоспар бойынша сипаттайды. Нәтижесін постер түрінде көрсетіп, сыныпқа ұсынады.
Мұхитты сипаттау жоспары:
1. Мұхит атауының шығу тегі
2. Климаттық белдеуі
3. Температурасы
4. Тұздылығы
5. Өсімдігі мен жануарлары
6. Құрамдас бөліктері (теңіз, шығанақ, бұғаз)

1 топ: Тынық мұхиты
2 топ: Атлант мұхиты
3 топ: Үнді мұхиты
4 топ: Солтүстік Мұзды мұхит .....
22.08.2020
Вернуться назад