DataLife Engine / Квант сандары және орбитальдар. Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Квант сандары және орбитальдар. Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Квант сандары және орбитальдар. Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасын түсіндіру , электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер
Сабақ мақсаттары: Электронның күйін сипаттайтын квант сандарымен таныстыру, электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлерге электрондардың таралып орналасуын түсіндіру.

-оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.
-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады.
- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек.

Тапсырма, Ойланып тез жауап беру керек
1. Химиялық реакция кезінде атом ядросында қандай өзгеріс болады?
2. Атомның химиялық қасиетін қалай болжауға болады?
Дәптерге өз бетімен жұмыс
3. Көміртек атомының құрамын сипаттаңдар
4. Оттек атомының электрондық – графикалық формуласын жазыңдар
Электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерге толуын түсіндіру
1. Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады.
Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар: бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.
Электрондардың құрылысы
• Электрондарды қарапайым бөлшек деп қарап оның кеңістіктегі қозғалысын 4 квант саны n, l, m және s анықтайды.
• Ал электронды толқын деп қарасақ оның қозғалысын 3 параметрмен сипаттайды олар:
• - толқын ұзындығы;
• - бағыты;
• - амплитудасы.
Электронның күйін 4 квант саны сипаттайды
Бас квант саны – n электрондардың жалпы энергия қорын және электронның ядродан қандай қашықтықта орналасқан көрсетеді.
n - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
бүтін сандармен ал оған сәйкес келетін энергетикалық деңгейлерді латынша бас әріптермен белгілейді K, L, M, N, O, P, Q
Бас квант сандары 1, 2 , 3, 4, 5, 6, 7;
Энергетикалық деңгей K,L,M,N,O, P, Q
• энергетикалық деңгей деп - бас квант сандарының мәндері бірдей орбитальдардың жиынтығы айтады
Орбиталь квант саны – l
(қосымша квант саны) электронның энергетикалық күйін және орбитальдардың пішінін көрсетеді.
Қосымша квант санының қабылдайтын мәндері 0- ден n-1 – ге дейінгі бүтін сандар болып келеді және оларға
0, 1, 2, 3... n -1
s, p, d, f деңгейшелер сәйкес келеді
Магнит квант саны - ml
Магнит квант саны - ml пішіндері бірдей орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын көрсетеді.
Магниттік квант саны орбиталь квант санына тәуелді болады және орбиталь квант санының мәніне сәйкес –l, 0, + l шегінде болатын бүтін сандар.

Спин квант саны
Спин квант саны – ms электронның өз осінен қай бағытта қозғалатынын көрсетеді.Электрон өз осінен сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін.
Осыған сәйкес спин квант саны
және көрсетеді
Атомдағы электрондар қозғалысының траекториясы белгісіз, кванттық механикада ядро маңындағы кеңістікте электрондар болу ықтималдығын – электрондық бұлт, ядро маңындағы электронның болу ықтималдығы 90% жоғары кеңістікті орбиталь деп атайды. Мөлшері жуық орбитальдардан
электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады
Периодтық жүйенің құпиясы қашан ашылды?
Периодтық жүйенің құпиясы - атомның күрделі құрылымын, оның сыртқы электрондық қауызының құрылысын, ядро айналасында электрондардың қозғалыс заңын ашқанда белгілі болды.
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.

электрондық қабат
Электрондық қабат деп-бір энергетикалық деңгейдегі электрондардың жиынтығын айтады. Орбитальдар бір- бірінен өздерінің энергиялары, пішіндері және кеңістіктегі орналасу бағыттары арқылы ажыратылады және бұл жағдайлар электрон қасиеттерінің кванттық сипатын көрсетеді.
Энергетикалық деңгейде орналасқан электрон саны мына формуламен анықталатынын айту керек......
02.08.2020
Вернуться назад