DataLife Engine / Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ тақырыбы: Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.2 валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
10.2.3.1 заттың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтау,
10.2.3.2 электрондық баланс әдісі арқылы тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіне отырып қосылыстың валенттілігімен тотығу дәрежелерін анықтау, электрондық баланс әдісі арқылы тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыру.

оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.
-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады.
- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек
Мына сурет туралы оқушылардың ой пікірін білуге болады
Сурет бойынша бірге талдау жүргізу.
Проблемалық сұрақ. Өмірде, қоршаған ортада химияда қандай тотығу тотықсыздану реакциялары мен құбылыстарды білесіңдер? мысал келтіруге болады. Атомды сипаттайтын ұғым- валенттілік.
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілетін көрсетеді. Мысалы , сутек элементі басқа элементтермен мынандай қосылыстар түзеді;
Қосылыстың формуласы HCI H2O H3N CH4
Атауы хлорсутек су аммиак метан
Бұл заттардағы сутектің бір атомы басқа бір элементтің бір атомынан артық қосып ала алмайтындығын көруге болады. Сутектің валенттілігі 1-ге тең, ал екінші элементтің валентілік мәндері 1 -4 ке дейін артқанын көруге болады. Валенттілік мәндері –элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша ішіне рим сандарымен көрсетіп беріледі. Көптеген элементтер өздерінің қосылыстарында өзгермейтін тұрақты валенттілік көрсетеді, ал айнымалы валенттілік көрсететін элементтерде бар. Мысалы; мыс, темір, хром, яғни d- элементтері т,б

Валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құрастыру алгоритмі, мысалы V валентті фосфор және оттек
№ Орындалу реті Формула құру
1 Элемент таңбаларын жазу Р және О
2 Элементтердің валенттіліктерін көрсету V және II
3 Валенттілік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу 5*2= 10
4 Қосылыстағы элемент атомдарының қатынастарын табу 10 : 5=2 және 10 : 2= 5
5 Элементтердің индекстерін жазу Р2 және О5
6 Қосылыстың формуласын жазу Р2О5
Тапсырма №1
Бинарлы қосылыстарын валенттілігін анықтау немесе валенттілігі бойынша формула құрастыру
AI2O3 , СаО – немесе хлордың валенттіктері I,III, V, VII болатын оттекті қосылыстарының формуласын құрастырыңдар.
Тотығу дәрежесі – қосылыстағы бір элемент атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.
Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді.Кез келген күрделі қосылыстағы әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF – да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1. Биэлементті қосылыстарда бірінші орынға электртерістілігі кіші және соған сәйкес оң тотығу дәрежелі элементтің таңбасы жазылады, мысалы металдар, сонан соң элетртерістілігі теріс және үлкен тотығу дәрежелі элементтің таңбасы жазылады. Мысалы, күкірттің тотығу дәрежелері -2, +4, +6 Н2S, SO2, SO3 ал, жай заттың тотығу дәрежесі 0- ге тең. Күрделі қосылыстың тотығу дәрежесін табу . күрделі қосылыстардағы барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы 0- ге тең.
Мысалы , H+1N+5O3-2 :
(+1)*1+(+5)*1+(-2)*3 = 0
[S+6O4 -2]2-; (+6)*1+(-2)*4 = -2
Тапсырма № 2 –күкірт қышқылындағы H2SO4 барлық атомдардың тотығу дәрежесін табыңдар?

Тапсырма № 3. Өз бетімен жұмыс
«Кім жылдам?»
1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең
а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O

2. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?
а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2

3. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2

4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс
ә) үнемі теріс в) нольге тең

5. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0
Жұптық жұмыс
• №1 Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?
• H2S, N2, HJ,H2, NaF, Cl2, CaF2
• №2 K2Cr2O7 қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін есептеп шығар.
Тотығу тотықсыздану теңдеулерін құрастыру, электрондық баланс арқылы теңестіру.
Валенттілік электрондары электртерістілігі кіші атомдардан электр терістілігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.

Электрондар беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.
Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады.
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады......
31.07.2020
Вернуться назад