DataLife Engine / Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 10.2.2.6 айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;
10.2.2.7 айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық және динамикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтарын салыстыра біледі.
∑_(i=1)^n▒〖F 〗i=0 шарты кезінде кез келген үдемелі ілгерілемелі қозғалыс болмайтындығын;
∑_(i=1)^n▒〖M 〗i=0 шарты кезінде оның үдемелі айналмалы қозғалысы болмайтынын түсінеді.
Оқушылардың көбі: айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолданады;
Оқушылардың кейбірі: Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін түрлендіреді және есеп шығаруды жақсы меңгереді.

Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Формулалар арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ «»
2-топ «»
3-топ «»

Қарсы топ оқушылары жұптасып пікір таластырады
Айналмалы қозғалатын қатты дененің кинетикалық энергиясы
Инерция моменті
Штейнер теоремасы
Шардың, цилиндрдің, стерженнің, дискінің, сақинаның инерция моменттері

психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Манерлеп сырғанау» би

Қызығушылығын ояту:
• Неліктен фигурист қолы мен аяғын денесіне жақындатқанда оның айналысының шапшаңдығы артады?

• Оның айналмалы қозғалысын сипаттайтын шамалар қалай байланысқан?

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі мен импульс моменті, импульс моментінің сақталу заңын мұғалім оқушылармен бірлесе отырып қорытып шығарады.

1-топ:
• Неліктен тік ұшақта 2 винт болады?
• Импульс моменті дегеніміз не?
• Импульс моментінің сақталу заңын тұжырымдаңыз
2-топ:
• Мысық неліктен жерге ылғи аяғымен түседі?
• Импульс моментінің сақталу заңының орындалатынын дәлелдейтін мысал келтір
• Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның 2 заңын тұжырымда
3-топ:
1 есеп. Инерция моменті 0,15 кг·м2, радиусы 20 см біртекті тұтас цилиндрге жеңіл жіп оралған. Жіптің бір ұшына массасы 0,5 кг жүк ілінген. Бастапқыда жүк жер бетініен 2,3 м биіктікте болған.
Дескриптор:
а) жүктің жерге түсу уақытын анықтау;
б) жіптің керілу күшін анықтау;
в) жүктің жерге түсер мезеттегі кинетикалық энергиясын есептеу.......
26.07.2020
Вернуться назад