DataLife Engine / Салыстырмалы қозғалыс (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Салыстырмалы қозғалыс (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Механика
Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы қозғалыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;
Сабақ мақсаттары: Дене қозғалысының салыстырмалылығы, траекторияның, орын ауыстырудың, жылдамдықтың салыстырмалылығын білу;
Салыстырмалы жылдамдықты, орын ауыстыруды есептеу;
Жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

- оқушылардың зейінін шоғырландыру
-топқа бөліну: қызыл, сары, жасыл стикерлердің бірін оқушы таңдайды. - «Миға шабуыл». Ситуациялық тапсырма беріп оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, мақсаттарын/ОМ анықтап алу
- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау
Топпен жұмыс. Топқа 3 түрлі тақырыпша жазылған оқу материалдары беріледі. Белгіленген уақыт ішінде оқушылар оқып, топтарында талдайды.
1-топ. Қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы.санақ жүйесі.
2-топ. Траектория. Орын ауыстыру векторы. Жол.
3-топ. Орын ауыстыруларды қосу. Жылдамдықтарды қосу.
Топтық таныстырылым.
Бағалау. Әрбір топ жұмысы таныстырылымнан кейін басқа топ бағалау критерийлері бойынша смайл тарату арқылы өзара бағаланады.
Бағалау критерийі:
1-топ. Санақ денесі, санақ жүйесіне анықтама береді;
Қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығын санақ денесі және санақ жүйесіне қатысты түсіндіреді.
2-топ. Траекториянының салыстырмалылығын графиктік тәсіл арқылы түсіндіреді;
Орын ауыстыру векторы мен жолдың айырмашылығын графиктік тәсілмен түсіндіреді.
3-топ. Орын ауыстыруларды және жылдамдықтарды санақ жүйелерінде түсіндіреді;
Орын ауыстыруларды және жылдамдықтарды қосудың формулаларын жазады.
Қозғалыстың салыстырмалылығы туралы бейнероликті көрсетіп, мұғалім тақырыпты жүйелейді.
«Кім шапшаң?» Оқушыларға 7 есеп ( 5 сапалық, 2 сандық есептер) беріледі. Есептің түрін оқушы таңдайды. Көбірек тапсырма орындаған оқушы анықталады.........
26.07.2020
Вернуться назад