DataLife Engine / Деректерді қорғау. Құпия сөзді жасау. (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Деректерді қорғау. Құпия сөзді жасау. (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Деректерді қорғау. Құпия сөзді жасау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): құжатқа құпия сөз орнату
Сабақ мақсаттары: Ақпаратты қорғау әдістерімен оқушыларды таныстыру;
Нақты құпия сөз критерилерін қайталаңыз;
Файлдарға құпия сөзді орнатуды үйрену.

Оқушылармен амандасу.
Мұғалім сурет бөліктерін таратып беру арқылы оқушыларды топқа жинайды. Оқушылар топ болып отырады.
Бұл суреттер «4 сурет, бір сөз» деген ойында бар. Мұғалім «4 сурет, бір сөз» ойынын слайд арқылы көрсету арқылы сабақтың тақырыбына келеді.
Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Слайдты интерактивті тақтаның көмегімен көрсетеді.
Топ ішіндегі жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы талқылап, өз жауаптарын ұсынады.

Оқушылар жасырылған сөз туралы талқылайды.
Бұл тапсырманы орындау үшін 1,5 минут беріледі.
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.

Ары қарай «Қорғау» түйінді сөзін пайдалана отырып, жасырлыған сөзбен берілген жауаптарын салыстырады.
Мұғалім сабақ тақырыбын оқушылардың өздері табуларын ұсынады. Оқушылар сабақтың тақырыбын табады.
Сабақтың «Деректерді қорғау», «Құпия сөзді жасау» деген тақырыптарымен ұсынылған жауаптары салыстырылады.
Мұғалім оқушылардың өз беттерімен сабақ мақсатын анықтауды ұсынады.
Мұғалім тақырып бойынша әр топқа келесі сұрақтарды қояды:
1) Құжатты қалай қорғауға болады?
2) Компьютердегі мәліметтерді жоғалтып алу қандай қиындықтарды туғызуы мүмкін?
3)Қауіп-қатердің алдын алу үшін нақты шараларды атаңыз?
Әр топ берілген сұрақтарды топ ішінде талқылайды.
Әр топ өз жауаптарын басқа топтармен бөліседі. Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылап, оған жауап береді.
Мұғалім оқушылардың сұрақтарға аудитория алдында жауап беруіне мүмкіндік береді. Жауаптарын басқа топтар бағалайды. Сыныпта өзін-өзі бағалау процессі жүргізіледі.

Мұғалім кілт сөздердің көмегімен осы әрекеттің қорытындысын шығарады: Құпия сөз, қорғау, тежеу және т.б.
Өткен тақырыптың өзектілігін арттыру үшін оқушыларға келесідей жеке жұмыс орындау тапсырылады.

Біріншіден, тапсырманы бұрын орындаған оқушыға флипчартта дайындалған анықтаманы жинау үшін интерактивті тақтаны қолдану ұсынылды.
Әрі қарай, оқушылар экрандағы көрсетілген дұрыс жауаптың көмегімен өз жауабын бағалайды. Өзін-өзі бағалау процессі жүргізіледі.
Дұрыс жауапты көрсету.

Оқушыларға құпия сөз мысалдары бар топтық жұмысты орындау тапсырылады:
12345678
Abcdef
Fg10!dD9
123abc
Abc
Оқушылар нақты құпия сөздің ережесін дәлелдей отырып, әр құпия сөздің нақтылығын анықтайды. Нақты құпия сөз ережесін талқылағаннан кейін оқушылар, келесідей дайындалған мәтіндік хабардың көмегімен проблемалық жағдайды көрсетеді. ........
14.07.2020
Вернуться назад