DataLife Engine / Өз ойын сценарийі (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Өз ойын сценарийі (Информатика, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бағдарламалау (өтпелі тақырыптар: «Менің отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар»)
Сабақ тақырыбы: Өз ойын сценарийі
Оқу мақсаты: 4.2.1.1 мәтінде қарапайым кестелер құру
Сабақ мақсаты: • қарапайым кестені тұрғызу және толтыру.

1. (Т) Стартер «Миға шабуыл».
Неліктен соншалықты көп ойындар бар?
Оқушыларға әр ойынның өзіне тән ерекшеліктері бар екендігін айтып өту керек (кейіпкерлердің, сахнаның, әрекеттерінің, ойын ережесінің болуы және т.б.).
(Ж) Оқушылардан жұптасып оларға белгілі ойынның біреуін таңдап, кестені толтыруларын сұраңыз (толтыру үлгісін көрсетіңіз).

Кейіпкер Сахна Не жасайды?

2. (С) Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау.

3. (С, Д) Жаңа материалды зерделеу.
Оқушыларға мәтіндік файлға кестені қалай тұрғызу керектігін, оған мәтінді қалай енгізу, жол\бағандарды қалай қосу\өшіру керектігін көрсетіңіз.

Мысықпен ойынды оқушыларға көрсетіңіз және сол ойын бойынша кестені толтыру мысалын талдаңыз.


Кейіпкер Сахна Не жасайды?
Мысық спрайт ағаш Егер тышқан басылған болса, онда тышқан көрсеткішінің артынан жүгіреді де «Жүгіремін!» деп айтады. Егер басылмаған болса, онда орнында тұрып тұрады да «Демаламын!» деп айтады.

4. (Ө, Ө, Ф) Тәжірибелік жұмыс.
Оқушылармен олардың Scratch бағдарламасында не орындай алатынын талқылаңыз:
• сахнада спрайтты қосу және өшіру;
• спрайт өлшемін өзгерту;
• жобаға дыбыс қосу;
• айнымалыларды қолдану;
• шартты тексеруді қосу;
• циклді\кірістірілген циклді қолдану;
• спрайттарға жаңа костюмдер салу және басқалар..........
11.07.2020
Вернуться назад