DataLife Engine / Табиғат және менің қауіпсіздігім (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Табиғат және менің қауіпсіздігім (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Табиғат және менің қауіпсіздігім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру.
3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• «катаклизм» ұғымын түсіндіреді;
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.

1. Ассоциация құру. Талқылау және ой білдіру (жеке, топта, ұжымда)
Оқушыларға «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымына ассоциация құру ұсынылады. Ол үшін ең алдымен оқушылар параққа өздері жеке орындайды, кейін топта кең ассоциация құрып, плакатқа түсіреді. Әр топ жұмыстарын бір-біріне көрсетіп салыстырады.
«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымын бекітеді.

2. «Тап және дәлелде» тапсырмасы (ұжымда)
"Төтенше жағдайлар" ұғымын бекіту үшін слайдта суреттер топтамасы көрсетіледі. Олардың қайсысы ТЖ-ға жататынын анықтау қажет. Ол үшін оқушыларға таңдалған суреттердің нөмірлері жазылған парақшаларды таратыңыз және кейін жауаптарды ұжымда талқылаңыз.


Бағалау криетерийлері:
• төтенше жағдайларды анықтайды;

3. Сабақ мақсатын анықтау.
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- «катаклизм» ұғымын түсіндіреді;
- ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.

4. «4 апат» тапсырмасы (топта)
«Ойлаудың 6 қалпағы» стратегиясы
Табиғи катаклизмдер туралы білімдерін толықтыру мақсатында бейнефильм көрсетіледі.
Көрсетілім алдында 4 топқа 4 түсті қалпақ таратылып беріледі (6 қалпақтың ішінен таңдатуға болады).
Оқушылар қалпақ түсіне қарай видеоақпаратты талдайды......
27.06.2020
Вернуться назад