DataLife Engine / «Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру». (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

«Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру». (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: «Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру.»
Оқу мақсаттары: - көпсатылы экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру;
- сапалық анықтау арқылы мәліметтерді жинап, арнайы кестеге жинақтап рәсімдеу;
- гипотезаны қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасау, талқылау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
зертханалық жұмыстың мақсатын айқындайды;
зертханалық жұмыстың гипотезасын жазады;
зертханалық жұмыс жоспарын құрайды;
зерттеуде пайдаланатын құрал жабдықтар туралы шешім қабылдайды.
қажетті жабдықтар және химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін ықтимал тәуекелдерді айқындайды.
зерттеу жұмысын жүргізіп катиондарды анықтау үрдістерді орындай алады.
зертханалық жұмыстың нәтижесін және қорытындысын көрсететін эксперимент туралы қарапайым есеп жазады.Өз гипотезаларын қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасап, талқылайды.
- қауіпсіз және тиімді тәжірибе жобалау бойынша идеяларды ұсынады

1.Сәлемдесу.
2.Ассоциациялар. Баяу музыка ойналады. Оқушылар «от және жалын» сөздеріне сәйкес өз ойлары бойынша ассоциация құрып, бөліседі.Бүгін біз аналитикалық химияда катиондарды анықтау үшін жалынды қолдану туралы сөз етеміз.
3.Оқушылармен сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау

От шашу бейнеленген слайдты көрсету.
Тестілеу «Жалын түсінің боялуы».Бұл тест тұз құрамын дағы металды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген металдың тұздары, жалынға түрлі түс бере алады.
2.Кестедегі бос орындарды толтырыңдар.
Метал катионы Жалын түсі
Магний / / Magnesium bright white
Қызыл-кірпіш brick red
Стронций / / Strontium dark red
Барий/ / Barium bright green / light blue

Оқушыларға экспериментті жүргізу үшін жұмыс парағы таратылады.Оқушылар:
- зертханалық жұмыстың мақсатын айқындайды;
-зертханалық жұмыстың гипотезасын жазады;
-зертханалық жұмыс жоспарын құрайды;
Зертханалық жұмыс № 1 «Жалын түсі бойынша метал катиндарын анықтау»
Жұмыс барысы:
1. Нихром сымы дистилденген суда жуылып, спиртшамынының жалынына қыздырылады.
2. Тазартылған нихром сымының сақинасы концентрленген № 1 тұз ерітіндісіне батырылған соң спиртшамның жалынына апрылады.Жалын түсінің бояуына сәйкес белгісіз болған катион анықталады да, сәйкес тұздың атауы белгілі болады. Кейін нихром сымы тағы да дистилденген суда жуылып, спиртшамынының жалынына қыздырылады.
3. Пункт 2 бойынша қайталанып отыра, келесі тұздардың бәріндегі метал катиондары осылайша анықталады......
02.06.2020
Вернуться назад