DataLife Engine / Гиперсілтемелер 2-сабақ (Информатика, 6 сынып, IV тоқсан)

Гиперсілтемелер 2-сабақ (Информатика, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мәтіндік құжаттарда сілтемелерді ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы: Гиперсілтемелер 2-сабақ
Осы сабақта жүзеге асырылатын оқудың мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)
6.4.2.1 – авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру
6.4.2.2– авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Құжатқа гиперсілтемелерді қосу;
• Авторға сілтемелерді қосуды істей алады.

1. Миға шабуыл:
Мұғалім бейнежазбасын көрсетіп, бейнежазба байланысты сұрақтар қояды:
• Не туралы бейнежазба?
• Плагиат деген не?
• Авторлық құқық деген не?
• Плагиат туралы қандай мысалдар келтірген?
• Бүгінгі сабақ не туралы өтеді?

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады, бағалау критерийлерін талқылауды ұйымдастырып, оларды тақтаға жазады.
Мұғалім авторлық құқық туралы білуге және түсінуге қызықты болатынын талқылау үшін жұптасады. Оқушылар өз пікірін білдіруде.

Содан кейін мұғалім 4 топқа қосылуды сұрайды. Әр топ сұрақтармен интернет ресурстар арқылы жұмыс истейді
1 Тобы: Авторлық құқық деген не?
2 Тобы: Авторлық құқық қалай жұмыс істейді?
3 Тобы: Авторлық құқықты қалай қорғау керек?
4 Тобы: Авторлық құқықты бұзғаны үшін қандай жауапкершілік жүктеледі?
Жұмысты мәтіндік процессорда жасайды және гиперсілтеме тапқан ақпаратына жасайды. Ақпаратты авторға сілтемелермен тіркеуге керек....
27.04.2020
Вернуться назад