DataLife Engine / Компьютердің құрылғылары 1-сабақ (Информатика, 4 сынып, IV тоқсан)

Компьютердің құрылғылары 1-сабақ (Информатика, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылғылары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.1.1 компьютердің сыртқы құрылғыларына мысал келтіру
4.1.3.1 экранмен жабдықталған сандық құрылғылармен (Телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар) жұмыс уақытын шектеудің маңыздылығын қалыптастыру)
Сабақтың мақсаттары: ● оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру
● компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру
● енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

1. Ұйымдастыру кезені
Сабақтың басында мұғалім оқушыларға монитор, пернетақта, тышқан және принтер бейнеленген карточкаларды таратады және екі топқа бірігуді ұсынады.
Біріктірілгеннен кейін мұғалім оқушыларға талқылау үшін проблемалық сұрақтар қояды:
- неге дәл осылай біріктірілді?
- бірінші топтағы құрылғылардың негізгі мақсаты қандай?
- екінші топтағы құрылғылардың негізгі мақсаты қандай?

2. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушыларға топта келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
- Сабақтың тақырыбы қандай?
- Сабақтың мақсаты қандай?
-оқушылар оқылатын тақырып бойынша сабақта нені білгісі келеді?

3. Жаңа білім мен іскерлікті меңгеру.
Мұғалім оқушыларға келесі сұраққа жауап беруді ұсынады: компьютер не үшін қажет?
Мұғалім жаңа материалды бейне арқылы түсіндіреді.
– компьютер құрылғылары.

Одан әрі мұғалім оқушылармен бірге дербес компьютер деген не екенін талқылайды.
4. Практикалық тапсырмаларды орындау.
Мұғалім оқушыларды жұптарға бөледі және 1 тапсырманы орындауды ұсынады.....
26.04.2020
Вернуться назад