DataLife Engine / Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: XI Людовиктің қызметін талдаудың мысалы ретінде орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуының маңыздылығын дәлелдеу.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына Францияның Жүзжылдық соғысқа дейінгі және кейінгі уақыттағы картаны көрсетеді. Оқушыларға сұрақ: Францияның картасында өзгеріс неден көрінеді? Талқылау нәтижесінде оқушылар Францияны біріктіру туралы қорытынды шығара алады.
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. XI Людовик саясатын негізінде орталықтандырылған мемлекеттің белгілерін анықтау;
2. Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттер бойынша карточкаларды жіктеу;
3. Сабақтың қорытындысын шығару.

М/Б Мұғалім оқушыларға «Жүзжылдық соғыстың себептері мен басталуы» бейнебаясын көрсетеді. Тапсырма: соғыстың себептерін және Францияның жеңілу себептерін анықтаңыз.
Дескрипторлар:
• Жүзжылдық соғыстың кем дегенде 3 себебін анықтайды.
• Францияның жеңілу себептерін анықтап, түсіндіреді.

М/Т Мұғалім оқушыларға XI Людовиктің саясаты туралы ақпаратпен танысып, төменде берілген тапсырманы орындауды сұрайды:
1. XI Людовиктің мемлекет біріктіруде қолданған әдістерін анықтау;
2. «7 қадам» кестесін пайдалан отыра, «Осы монарх орталықтанған мемлекет құрды» тұжырымын дәлелдейді.
Дескрипторлар:
• XI Людовиктің мемлекет біріктіруде қолданған әдістерін анықтайды;
• Тұжырымды дәлелдейді;
• «7 қадам» кестесін қолданады.
Б
Мәтінмен жұмыс нәтижелерінің сыныппен талқылау. Оқушылар өздерінің пікірін дәлелдейді. Орындалған тапсырма бойынша мұғалімнің кері байланыс береді.......
18.03.2020
Вернуться назад