DataLife Engine / Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 1 сабақ
Сабақтың мақсаты: «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдаланып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Оқу мақсаты: «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдаланып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау.
БЫМ оқушыларға «Ұлы Дала Елі» эмблемасын көрсетіп, төмендегідей сұрақтар беріледі. Осы сұрақтардың төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастыруға болады.

• Нені көрдіңіз?
• Нені байқадыңыз?
• Неліктен Қазақстан «Ұлы Дала Елі» деп аталады?

М Сынып оқушыларын сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырылады
Зерттеу сұрақтары:
• Ұлы Дала көшпелі өркениеті қалай ерекшеленеді?

Ж оқушыларға «өндіруші мал шаруашылығы» туралы ықшамдалған мәтін ұсынылады. Мәтін негізінде төмендегідей тапсырма орындалады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға өз жауаптарын жазып, жауаптарын бір-бірімен алмастырады. Олар құрдастарының жұмысын тексеріп, толықтырады.
Тапсырма:
• Көшпелілік дегеніміз не?
• Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?
• Көшпелілерде өндіруші шаруашылықтың қандай түрі қалыптасты?
• Көшпелілерде малға жеке меншік болды ма? әлде жерге жеке меншік болды ма?
Жеке орындалатын жұмыстың критерийлері:
• Берілген уақытты тиімді пайдалану;
• Тапсырмаларды нұсқаулық бойынша орындау;
• Құрдастарының жұмыс жасауына кедергі келтірмеу;
• Сұрақ туындаған жағдайда оң қолын көтеріп мұғалімге белгі беру;
• Тапсырманы уақытынан бұрын орындаған жағдайда жұмысын қайта тексеру;

Б сынып тақтасына «Көшпелілерде өркениет болмады» деген тұжырым бар. Сіз мұндай көзқараспен қаншалықты келісесіз? Өз ойыңызды дәлелдеңіз» деп жазылады. Осы сұрақтардың төңірегінде пікірталас ұйымдастырылады.....
09.03.2020
Вернуться назад