DataLife Engine / Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру.
9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып талдау.
Сабақ мақсаттары: Желтоқсан оқиғасының себеп-салдарын анықтау.
Желтоқсан оқиғасының құрбандарын біліп, олардың тұлғаларына баға беру.
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру.
Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға Желтоқсан оқиғаларына арналған дыбыссыз бейнефильм көрсете отырып, оқушылар өздерінің сезімдерін, комментарийлерін дәптерлеріне жазып отырады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаттары анықталады
Зерттеу мен талдау.
Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті ?
1 тапсырма:
Желтоқсан оқиғасы жайлы бейнематериаға талдау жасау:
Қандай ақпарат
Маңызды нәрселер
Қандай ойға келдіңіз

2 тапсырма:
Қосымша деректер негізінде желтоқсан оқиғасын зерттеу. Аналитикалық талдау: Деректер негізінде Желтоқсан оқиғаларын талдау:
• Кезенің анықтау
• Себептер
• Қозғаушы күшін
• Белсенді қатысушыларды
• Салдарын
• Тарихи маңызын
3 тапсырма:
Ұлт-азаттық көтерілістерді және Желтоқсан оқиғасын Венн диаграммасы арқылы салыстырып айырмашылықтары мен ұқсастығын анықтап, қорытынды жасау.

Бекіту
М. Шахановтың Халық депутаттары Кеңесінің съезіндегі (1989 ж.) сөзін тыңдап, оқушылар өздерінің ойларын бекітеді. «Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің жариялануына қаншалықты әсерін тигізді?» деген тақырыбына пікірсайыс ұйымдастырылады.
Дауыс беру арқылы пікірсайыстың қорытындысы анықталады.

Сабақ басында көрсетілген бейнематериалды дыбыспен көрсету....
09.03.2020
Вернуться назад